Семейде Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір қүрылысы жалғасуда. Бұл Абай облысының инфрақұрылымы аясындағы негізгі жобалардың бірі ғана емес көрші мемлекеттер үшін де маңызды жоба. Өйткені Семей қаласынан халықаралық маңызы бар автомагистраль өтеді. Жаңа көпір құрылысы өткен жылы басталды және қазір қарқынды жалғасуда. Жоба ең озық технологиялармен жабдықталатын заманауи көлік торабын салуды көздейді. Жаңа көпір кең жолақты, бұл қаланың көлік артерияларына түсетін салмақты едәуір жеңілдете түспек.
ДІНМҰХАМЕД ТӨЛЕУБАЕВ-БАС МЕРДІГЕР ҰЙЫМНЫҢ ӨКІЛІ
Қазіргі уақытта біз бұрғылау қадаларын орнату бойынша жұмыстардың көп бөлігін орындадық, бізде жиыны 9 тірек қалды. №1, №2, №8 тіректер бойынша жұмыстар аяқталды, аралық құрылысты құрастыру орындалады және №4 тіректі дайындау үшін құрастыру жүргізілетін болады.
Құрылыс кезінде құрылымның беріктігін қамтамасыз ететін көпір болаты мен арнайы арматураны қоса алғанда, жоғары сапалы материалдар пайдаланылады. Оның мықтылығын арттыру үшін арнайы қоспалары бар бетон қолданылады. Көктемде өзендегі су деңгейінің жоғарылауына байланысты құрылыс нысанындағы жұмысшылар саны уақытша азайған.
ДІНМҰХАМЕД ТӨЛЕУБАЕВ-БАС МЕРДІГЕР ҰЙЫМНЫҢ ӨКІЛІ
Қазіргі уақытта 30-ға жуық техника тартылды, судың молаюына байланысты жұмысшылар көлемі азайып, 48-50 адамға дейін қысқарды. Бірақ, қазір су деңгейі төмендеп келеді. Бұл жұмысты жалғастыру үшін жеткілікті. Біз күн ысыған жаз айларында жұмысшылар санын 2-3 есеге арттырамыз.
Көпір құрылысына тартылған қосалқы мердігер ұйым мамандарының жалақысын төлеуде бірқатар қиындықтар туындады. Жұмысшылар облыс әкіміне жүгінгеннен кейін қосалқы мердігерлік ұйымның қызметкерлерімен жедел кездесу ұйымдастырылды. Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков еңбек инспекциясы және көлік басқармасы өкілдері жұмысшылармен бірге жағдайды талқылады.
ДИМИТРИЙ ГАРИКОВ – АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгінгі таңда республикалық бюджеттен қаржыландыру бойынша аздаған мәселе бар болғандықтан осындай жағдай қалыптасты. Жалпы, сараптаманың бастапқы қорытындысы бойынша осы көпірді салу құны 30 млрд теңгені құрайтыны және биыл 8 млрд 200 млн. теңге бөлінгенін атап өткім келеді, сәйкесінше мамыр айына дейін жалпы сомасы 3 млрд 200 млн теңгенің жұмысы орындалды. Сондай-ақ облыстық бюджеттен 178 млн теңге көлемінде қосымша қаржыландыру көзделген, мердігер ұйымға қаржы осы ақшадан бөлінді, тиісінше мердігер ұйым қосалқы мердігер ұйымның 700 млн теңгесін төледі, бірақ қандай да бір себептермен жұмысшылардың жалақысы берілмеген. Дегенмен, мәселе тез арада шешілді.
Бүгінгі күні жалақы бойынша қарыздар жоқ және мамыр айының жалақысы маусым айының басында төленеді. Сондай-ақ, жұмысшылар табыстарын айдың 10-на дейін төлеуді сұрады және бұл мәселе мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардың басшылығының алдына қойылды. Қазіргі уақытта көпірдегі барлық құрылыс жұмыстарының шамамен 40% орындалған.
НҰРГҮЛ САДЫҚОВА