Кезекті оқу жылы аяқталып, балалар жазғы демалысқа шықты. Қалаға қарасты жазғы 3 демалыс лагері жұмыс істейтін болады. Қазірде мектеп жанындағы 55 лагерь жұмыстарын бастап кетті.

3 маусым бойы білім алып, оқу жылының бағдарламасын меңгерген балалар жазғы демалысқа шықты. Енді мектеп лагерьлері өздерінің маусымдық жұмыстарына кірісті. Олардың басты мақсаты- оқушыларды қызықты әрі тиімді жазғы демалыспен қамтамасыз ету. Мұнда балалар 1 ай бойы түрлі экскурсиялар мен сайыстарға қатыса алады.

ҚУАНЫШ ХАСЕНОВ №31 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
Енді жоспарға сәйкес 3 маусымнан бастап мектеп ішілік лагерь жұмыс жасайды. Ол лагерьға бастауыш сынып оқушылары түгел қатысады. 400 ге жуық оқушы қамтылған. Бұл лагерьдің негізгі мақсаты оқушылардың жазғы демылысын әрі қызықты, көңілді, пайдалы өткузі. Біздің лагерь 4 ауысымға бөлінген. Осы маусым айының аяғына дейін болады. Лагерь оқу- ағарту министрлігінің концепциясы негізінде құрылған.

№31 мектеп жанынан құрылған «Айгөлек» лагеріне демалуға келген балалардың алғашқы күні осылай қызықты басталды. Қуыршақтармен бірге ән айтты, би биледі, тіпті логикалық ойынды да ойнады. Балалар көп күттірген жазғы демалыстың басталғанына қуанышты.

БАТЫРХАН КӨНДЕБАЕВ ОҚУШЫ
Мен жазғы каникулға келдім. Өйткені жазғы каникулда барлығы достарымен қызықты ойындарды ойнап, күліп- жүгіріп ойнаймыз. Біз ойнаймыз, ойындарды табамыз, сурет саламыз, саябаққа шығамыз, саяхаттаймыз.
АДЕЛЬ СҮЛЕЙМЕНОВА ОҚУШЫ
Мен бүгін лагерьге келдім, себебі мен мектепті жақсы көремін. Маған бұл жер қызықты. Мен өзімнің жаздағы уақытымды оқу мен жазуға, кітап оқуға арнаймын. Үйде апама көмектесемін.

Жазғы лагерьлер демалуға ғана емес, сонымен қатар балалардың қызығушылықтарын дамытуға мүмкіндік береді. Мектептегі лагерьлер 4 ауысым бойы балаларды қабылдайтын болады.


ЖҰЛДЫЗАЙ МАРАТҚЫЗЫ