Халқымыздың тарихында мерейі тасыған мәртебелі дәуірлерімен қатар, «тар жол тайғақ кешкен» қасіретті кезеңдердің де аз болмағаны ақиқат. Егемендік алғалы ел тарихының көмескі беттері қайта ашылып, жаңаша баға берілуде. Бүгінгі 31 мамыр- саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылған шараның бірі Шәкәрім университетінде өтті.

1997 жылдан бері атап өтілетін бұл күні ел тарихындағы ең азалы кезеңді еске алып, кеңестік тоталитаризмнің зұлым саясатынан зардап шеккен миллиондаған адамның рухына тағзым етіледі. Еске алу күніне орай 1 минут үнсіздік жарияланды. Одан кейін Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткішіне гүл қойылды.

АРАП ЕСПЕНБЕТОВ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР
Тумасынан қайсар, тумасынан батыр халқымыз сол қиыншылықтың барлығына төтеп бере алды. Сөздің шынын айтқанда атып жатса да, асып жатса да, қаншама қиыншылықты көріп шет жерлерге айдалып жатса да қазақ халқы өзінің ұлттық реңкін жоғалтқан жоқ. Ұлттық санасының өсе түсіуіне ықпал жасады дегенді айтқымыз келеді. Ендеше, бүгінгі ұрпақтың парызы, әрі міндеті өткендегі тұлғаларды еске алып, соны кейінгі буынға тарату.

Облыс әкімдігі мен зиялы қауым өкілдері, оқытушылар мен студенттер гүл қою рәсімінен кейін «Үш анық» конференц залына жиналды. «Саяси қуғын- сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары» атты 52 томдық кітаптың, 34- тінші томынан 52- інші томына дейінгі кітаптардың тұсаукесері өтіп, университет кітапханасына тапсырылды.

МҰХТАРБЕК КӘРІМОВ ПРОФЕССОР, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
Бүкіл халыққа комуннизм орнату мақсатын қойды. Біреудің пікірімен жүрмейді ғой, жаңағы қайшылық пікір болады. Сондықтан өздерінің программалық мақсаттарына қарсы келгендердің бәрін жолынан алды. Соның арасында саяси қайраткерлер, қарапайым адамдар да, миллиондаған адамдар бүкіл Советтер одағының территориясында реперссияға ұшырады. Оның ішінде Қазақстан, біздің халық, біздің ұлтымыздың өкілдері осындай үлкен зобалаңға ұшырады. Сондықтан бүгінгі аталып жатқн шаралар сол әділеттілікті қалпына келтіру үшін, мына бүгінгі мен келер ұрпақ ұмытпау үшін істеліп жатқан іс- шара деймін. Бұл өте дұрыс.

Дөңгелек үстел барысында қоғамның дамуына үлес қосып жүрген ел азаматтары облыс әкімінің атынан алғыс хаттармен марапатталды. Бас қосуда қайраткерлер туралы баяндамалар оқылды. Жазықсыз құрбан болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, олардың рухына тағзым ету бүгінгі ұрпақ парызы.


ЖҰЛДЫЗАЙ МАРАТҚЫЗЫ