Есту қабілеті нашар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттың қызметіне 5 жыл толды. Осы уақыт аралығында ерекше балаларды оқытып келе жатқан білім ұясында ашық есік күні өтті. Оған білім беру мекемесінің қызметкерлері, оқушылар, сондай-ақ олардың ата-аналары жиналды. №5 арнайы мектеп-интернаты есту қабілеті нашар балаларға арналған. Интернаттың 5 жылдық қызметіне орай ашық есік күні өтті. Ата-аналар сабаққа қатысып, балалардың оқу үлгерімімен танысты. Қазірде мектепте сөйлеу қабілеті нашар 82 бала оқиды.
АЙНҰР ҚАСЫМБЕК БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БІЛІМ БЕРУ, ҚОРҒАНШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Бұл 2019 жылы ашылды . Бүгінгі күні 5 жылда 150 бала қабылданды. Қазіргі таңда осы интернтта 82 бала тіл мүкістігі бар балалар тәрбиеленіп жатыр. Олармен арнайы мамандар жұмыс атқарады. Бұнда балалар тек қана ПМПК-ның ұсынуы арқылы қана қабылданады. Ата-аналар сол консультацияға барады, егер де дәрігердің нұсқаулығы болса, олар осы мектепке ұсыным беріп, балалар қабылданады.
Мектепте балаларға барлық қажетті жағдайлар жасалған. Заманауи техникамен жабдықталған кабинеттер мен түзету сыныптары балаларды оқытуға және әлеуметтендіруге үлкен көмегін тигізеді. Мектепте сонымен қатар жоғары білікті мамандар жұмыс істейді: дефектологтар, логопедтер, психологтар. Мамандар түрлі әдістерді қолданады және тиімді нәтижеге жету үшін әр баламен жеке айналысады.
СӘУЛЕ ВАЛИУЛИНА «№5 АРНАЙЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ» КММ ДИРЕКТОРЫ
5 жыл ішінде бізде 154 бала оқыды. Осы уақыт ішінде 41 баладан сөйлеуі дамымаған деген диагноз толығымен алынды. Бұл үлкен еңбектің нәтижесі деп айтар едім. Олар жалпы білім беретін мектептерде оқуды жалғастыруда. Бізде интеранттан кейінгі сүйемелдеу деген ұғым бар. Мектебімізден кеткен балаларды 1-2 жыл байқап, қолдау көрсетеміз. Мұғалімдерімізге ризашылығымды білдіргім келеді. Балалар оқуды жалғастырып, мұғалімдерінің еңбегін ақтауда.
Мектептің маңызды миссияларының бірі-сөйлеуді қалпына келтіру үшін толыққанды түзету жұмыстарын жүргізу. Мектеп оқушылары республикалық, облыстық және қалалық ауқымдағы іс-шараларға , шығармашылық және спорттық жарыстарға тұрақты қатысады. Оқушылардың арасында халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері де бар.