МӘМС жарналарының бірінші санатына азаматтардың 15 жеңілдетілген санаты үшін берілетін төлемдер жатады. Жеке кәсіпкерлердің ай сайынғы төлемі 2024 жылдан бастап өз пайдасына 5950 теңгені құрайтын болады. 2024 жылы жұмыс берушілер қызметкерге жалақының 3% мөлшерінде аударымдар жасайды. Бұл ретте салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ең төменгі жалақыдан аспауы тиіс, Яғни жұмыс беруші 25 500 теңгеге дейін аудара алады. Көпшілік МӘМС төлемдері қорға түседі деп қателеседі. Іс жүзінде барлық жарналар Ұлттық банктегі арнайы шотта болады және оларды тек көрсетілген медициналық қызметтерге жұмсауға болады.

ҒАЛЫМЖАН ӘБІЛОВ – АБАЙ ОБЛЫСЫ МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Қазір дені сау, жұмыс істейтін жастар аударымдар жасайды. Ал негізгі тұтынушылар зейнеткерлер мен кішкентай балалар. Сәйкесінше біз қартайған кезде жастар есебінен емделетін боламыз. Яғни әлеуметтік медициналық сақтандыру деп бекерге айтылмайды.
Сондай-ақ, Қазақстанда тіркеусіз жұмыс жасайтындар бар. Олар жарналарды екі жолмен сала алады. Яғни, дербес төлеуші ретінде ең төменгі жалақының 5% бұл 4250 теңге. Немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп төлей алады.
РАШИДА ТАШКЕНОВА ХАЛЫҚТЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ, АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ҚАРАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Негізінен төлем жасаудың бірнеше әдісі бар.Егер адам жұмыс істемесе, жеке кәсіпкер болмаса тәуелсіз төлеуші ретінде аударым жасай алады. Бұл санаттағы азамат ең төменгі жалақының 5 пайызын құюы керек, бұл 4250 теңге болады. Егер адамның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленбеген кезеңі болса, оны міндетті түрде төлеу қажет. Және алдағы 12 айға аударым жасауға болады.
Сондай-ақ, емханаға тіркелген әрбір азамат қаланың қай бөлігінде тұрса да дәрігерді үйге шақыра алады.
АНАСТАСИЯ ГУЛЬКОВА – ДӘРІГЕР
Енді адам кез-келген ауруханаға тіркеле алады. Және дәрігерді үйге шақыра алады. Мысалы тұрғын Семей қаласының қай ауданында тұрса да өзі қалаған емханаға тіркелуге құқылы. Яғни адам қала аумағында тұруы шарт. Мәселен Бородулиха ауданының тұрғыны Семейдегі ауруханаларға тіркеле алмайды.

Қазір емханаға тіркелмеген және сақтандырылмаған азаматтармен белсенді жұмыс жасалып жатыр.МӘМС жүйесінде тіркелу маңызды екені тұрғындарға айтылуда. Жыл басынан бері өңір бойынша 500 мыңға жуық адам сақтандырылған, бұл өңір тұрғындарының шамамен 80%. Ал 348 400 адам мемлекет төлейтін жеңілдік санатында.