Тазалыққа талап күшейді
Абай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасын іске асыру аясында санитарлық талаптарды сақтауға бақылау күшейді. Облыс әкімдігі, мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы және полиция департаменті бірлесіп қала аумағында рейдтік іс-шаралар өткізуде. Мамандардың айтуынша, заң бұзушылықтардың басым бөлігі жеке меншік нысандары мен кәсіпкерлік субъектілерінің аумақтарында анықталады. Тазалық талаптарын сақтамағандарға ескерту жасалып, әкімшілік шаралар қолданылады