Қарағайлы шағын ауданында белгісіз ер адам жасөспірім қызды торуылдап, құтқаруға келген полиция қызметкеріне пышақ жүгірткен еді. Қазір тәртіп сақшысының жағдайы қалай? Зардап шеккен қызметкермен әріптесім жүздесіп қайтты. Рүстем Қайратұлы тарқатады. Бұл жағдай 29 ақпан күні түстен кейін болды.13 жасар қызды белгісіз ер адам аңдыған. Қыз бала 102 операторына телефон шалып, дүкенде күтетінін айтқан еді. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары күдіктіні ұстауға кіріскен. Алайда, ер адам қалтасынан суық қару алып, полиция қызметкерінің бірін пышақтап жіберген. 3 рет пышақпен жарақат алған полиция қызметкері 26 жасар Асхат Ахатов. Дер кезінде дәрігерлік көмек алды.

АСХАТ АХАТОВ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Сұрақ қойып, ештеңе істеп үлгермедік. Мен машинадан шыққан бетте маған шабуыл жасады. Қолында пышағы болды. Сонымен бас жақтан соққы жасады. Больницада басыма 4 жерден шоф салды. Денсаулығыма зиян келтіретін ауыр жарақат алған жоқпын.

Асхат жағдайдың қалай болғанын баяндап берді. Заңсыз әрекеттердің жолын кесу үшін оқиға орнына аттанады. Ол күдіктінің қолында пышағы барын байқамаған.

АСХАТ АХАТОВ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Біз жұмыс бабымен 343 ші квартал ауданында жүрдік. Сол кезде участковый инспекторлар бізді көмекке шақырады. Қарағайлыдағы Балапарк, сол адреске шақырады. Сол жаққа бара жатқанда ол кісі участковыйлардан қашып Қарағайлының іш жағына қарай қашады. Ең ақырғы вызов Қарағайлы 30 мекен жайы бойынша болды.

Асхат құқық қорғау саласындағы қызметін 2019 жылы ғана бастаған. Ол өз ісін ерлік деп санамайды. «Бұл менің қызметтік міндетім»,- дейді. Суық қару ұстап, қыз баланы торуылдаған күдікті осылай полицейлердің жедел әрекетінің арқасында қолға түсті. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда. Осыған дейін әлеуметтік желіде полиция қызметкерлері бір-бірін жарақаттаған деген ақпарат таралып еді. Алайда бұл шындыққа жанаспайды деді Полиция Департаментінің қызметкерлері. Жалпы,қоғамдағы тыныштық пен тәртіпті қадағалау оңай шаруа емес. Қырағылық, шымырлық пен батылдық керек. Күдіктіге қатысты «полиция қызметкерінің өміріне қол сұғу» фактісі бойынша да қылмыстық іс қозғалды. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін де Қарағайлыда осыған ұқсас жағдай тіркелген болатын.