Ақшың сауда үйінде шыққан өртке байланысты қалада жедел штаб құрылды. Әкімдік өкілдері қалалық мәдениет сарайының ғимаратында өрттен зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті. Кәсіпкерлер полицияға өтініш жазды.
Жедел штабқа жиналған кәсіпкерлердің өтініштерін полиция департаментінің қызметкерлері қабылдады. Әр кәсіпкер өтінішінде өрт салдарынан келген шығын көлемін ұсынды. Жалпы жанып кеткен аумақ 7000 шаршы метрді қамтыған.
ДИНА АМРЕНОВА – АБАЙ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Абай облыстық полиция департаменті азаматтарды қабылдауды ұйымдастырды. Қазіргі уақытта қалалық мәдениет үйінің ғимаратында 15 тергеуші Ақшың сауда үйінде өрттен зардап шеккендердің жазбаша өтініштерін қабылдауда.
Өрттен шығынға батқан кәсіпкерлердің бірі Энвира Байдалина. Ол 10 жылдан артық сауда саласында еңбек етіп келеді. Қанша жыл еңбектеніп жиған-тергенінің әп-сәтте жанып кеткенін елестетудің өзі қиын.ЭНВИРА БАЙДАЛИНА – КӘСІПКЕР
Әкелінген құрылғылар дайын емес. Барлық өрт сөндірушілер суды өздеріне құйып, ішке кірді. Бұла болады ма? Мен мұнын бәрі басталған кезде көрдім, сол кезде ақ сөндіруге болушы еді. Біз бәріміз валериандарды және өзгеде дәрілердің бәрін іштік, өйткені бұл қиын. Біз бәріміз қарыздармыз, несиелерімізде бар. Сауда қазір нашар, сондықтан барлығында көптеген тауарлар болды. Өйткені аптасына бір-екі нәрсе ғана сатып алынды. Қаңтар айында мен жалдау ақысын жинадым және бердім, тіпті өзіме жалақы төлемедім, бірақ өз орным үшін төледім.
Азаматтардың өтініштері қабылданғаннан кейін облыстық және қалалық әкімдік өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кәсіпкерлердің сауалдары көп, қауіпсіздік неге сақталмады. Тұтанған от дер кезінде неге өшірілмеді,енді шығынды кім төлейді деген сауалдар көп.
Қазір сіздер мәселенің анық-қынығын анықтаймыз дейсіздер. Бұл мәселені шешкендеріңізді қалай білуге болады?
ЖӘНІБЕК МҰҚАТАЕВ – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Белсенді топ әр апта ішінде өтініштер жасап, келіп атқарылған жұмыс нәтижесін қарайды. Тергеу аясында сіз де хабардар болуыңыз үшін. Бұл тергеу қорытындысын күтпей алдын ала сараптама барысымен таныс болуыңыз үшін жасалады. Иә, біз арнайы чат ашамыз. Мен оған жауап беремін.
АЙГЕРІМ ҚЫПШАҚБАЕВА – КӘСІПКЕР
Неліктен сіз көптеген жылдар бойы өрт қауіпсіздігінің бұзылғанын көрмедіңіз? Үшінші қабаттың өзі дұрыс салынбаған. Өрт сөндіру бөлімі қайда қарады? Арнайы дабыл тетігі жұмыс істемеді. Біз өрт туралы таңғы 7-де ғана білдік.
ӘДІЛ БРАТАЕВ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ТЖБ БАСТЫҒЫ
Бұл нысан 2023 жылы тексерілді. Бірқатар ереже бұзушылықтар анықталды. Осыдан кейін, заңға сәйкес, егер кәсіпкер бізге келеңсіздіктердің жойылғаны туралы хат жіберсе, онда мұндай ұғым бар кәсіпкердің жауапкершілігі деген. Яғни, біз сіздің адалдығыңызға күмәндана алмаймыз. Сіз де кәсіпкерсіз. Егер сіз бізге мемлекеттік органдарға хабарласып «иә мен келеңсіздіктерді жойдым» десеңіз біз сізге келіп, екі рет тексеруге құқығымыз жоқ.
Оқиға орнында болған «Ақшың» базары бас инженерінің айтуынша, өрт басталған уақытта жалын алапат өртке айналады деген ой болмаған. Базардағы жұмысшылар өртті сөндіргішпен өшіруге тырысқан. Алайда тілсіз жаудың аумағы дереу өршіп, үлкен аумаққа таралып кеткен.
Кәсіпкер:
Ғимараттың қал жағдайына жауап беретін техникалық бөлім қайда? Техникалық бөлім өрт қалай болғанына жауап берсін, неге уақытында хабарланбады?
АСҚАТ АБДУЛЛИН - «АҚШЫҢ» САУДА ҮЙІНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ
Өрт сөндірушілері уақытында шақырылмады деген шындықққа жанаспайды. Себебі кезекші ауысым электриктер мен күзетшілер жақын жерде болды. Олар өрт сөндіргішпен өртті сөндіруге тырысты. Бірақ аумағы үлкейе бастады Содан кейін түтін шықты, мұндай ашық от бастапқыда болған жоқ
Кездесуге келген жергілікті билік өкілдері кәсіпкерлердің мәселесін оңтайлы шешу жағын толығымен заң жүзінде қарастырамыз деп уәде берді. Белгілі бір уақытқа дейін банктегі несиелерін тоқтату, үстеме ақыларының ұлғайып кетпеуі сынды мәселелер қарастырмақ.
ӘДІЛБЕК МҰСАБАЕВ – АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгінгі күнгі тергеудің қорынтындыларын күту керек. Одан кейін тиісті шешімдер қабылданады. Ол жерде 2200 арендатор бар. Әр деңгейде зардап шекті. Кейбірінікі толығымен жанып кетуі мүмкін, кейбіреуінің заттарына зардап келтірілуі мүмкін.
Арнайы комиссия құрылып, өрттің себебін анықтау үшін сараптама жүргізетін болады. Кәсіпкерлермен бірге ватсаптан ортақ чат ашылып, онда тексеру барысы туралы апта сайын ақпарат беріліп отырады. Сонымен қатар кәсіпкерлерге өзге сауда орталықтарынан орын қарастырылмақ. Ал шығынды кім өтейтіні сараптамадан кейін белгілі болмақ.
АРУЖАН ТАУБЕКОВА