Семейде 2022 жылы басталған жаңа көпірдің құрылысы жалғасуда. Қазіргі уақытта қадаларын бұрғылау, іргетасының негізін құрау және инженерлік желілердегі жұмыстар аяқталды.
Семейдегі жаңа көпір ескі көпірдің жанына салынады. Жалпы ұзындығы 1 350 метр және ені 23 метр болады. 9 тірегі мен 8 аралығы бар металлдан құралады. Екі жағынан 2, 25 метрлік жүргінші жолы қарастырылған. Жаңа көпірдің асфальт қалыңдығы 20 см болады. Жолы да кең, 4 жолақты. Әрқайсы жаңа стандартқа сай 3 метр 75 см қарастырылған. Көпір арқылы күнделікті 13 мың көлік өтеді деп жоспарланған.
АСЫЛБЕК НҰҒЫМАНОВ-АБАЙ ОБЛЫСЫ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бұл жұмыстар жобалық сәйкестендіру құжатқа сәйкес орындалды. Жұмыс барысы кестеге сай. Менің ойымша, 25 жылы нысан аяқталады, пайдалануға беріледі және алдағы жоспарларда қолданыстағы көпірді қайта эөндеу бар. Ол жоспарға жаяу жүргіншілерге арналмақ.
Көпірдің сол жағалауында тұрғын үй кешені салынуда, бұл қала тұрғындарының тарапынан сұрақтарды туындатып отыр. Тұрғындар көпірге кіре берісте тұрғын үй кешені орналасса, оған қалай кіруге болады деп аң-таң. Жауап іздеп, біздің түсіру тобы Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөліміне барды. Олардың айтуынша, барлық қашықтық құрылыс талаптары бойынша сақталған.
ДАРХАН СЕЙІТХАНОВ – ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Жобалау жоспарында біз салынып жатқан көпірдің сондай-ақ жаңа тұрғын үй кешенінің барлық деректерін көрсеттік. Қолданыстағы құрылыс нормалары, ережелері шеңберінде қажетті қашықтық сақталды. Көпір тұрғын үй кешенінің жұмысына кедергі болмайды, сонымен қатар тұрғын үй құрылысы салынып жатқан жаңа көпірге бөгет жасамайды.
Көліктер жаңа көпірге ескі көпірдің жолы арқылы кіріп, шығады. Бұл ғимараттарды, құрылыстарды бұзбай және қосымша жер алмау үшін жасалды. Көпір жобасының бастапқы құны 30,4 млрд теңге болған, құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты қаржыландыру 47,3 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
НҰРГҮЛ САДЫҚОВА