Семей полигонына қарсы шыққан халықты біріктіре, ядролық қарудың сынағын тоқтатуға үлес қосқан қозғалыс тарихта «Невада-Семей» деген атпен қалды. Биыл оның құрылғанына 35 жыл толып отыр. Қоғамдық келісім орталығы облыстық Достық үйінде «Қазақстан Халық партиясы» Абай облысындағы филиалы және қаламыздағы «Вайнах»шешен-ингуш мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен осы қозғалыстың 35 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

1989 жылы Олжас Сүлейменовтің бастамасымен құрылған «Невада-Семей» қозғалысына биыл 35 жыл. Бұл ұйым Семей полигонын жабу мен әлемнің басқа да сынақ полигондары қызметін тоқтату бағытындағы күресте елеулі үлес қосты. Естеріңізге сала кетсек, Семей полигонында ядролық қарудың алғашқы сынағы 1949 жылы 29 тамызда болды. Жүргізілген сынақ салдарынан адам денсаулығына, табиғатқа орасан зор залал келтірілді. Бұрынғы Семей облысының тұтас аумағы ядролық жарылыстар өнімдерімен ластанды, ал миллиондаған адам түрлі диапазондағы дозада радиациялық сәулеге ұшырады. «Невада-Семей» қозғалысының 35 жылдығына жиналған қауым халықтың қабырғасын қайыстырған, қайғы мен қасіретке алып келген сынақты еске алды.

 «Невада-Семей» полигонды жабу және зардап шеккен халықты оңалту мен қоршаған ортаны қалпына келтіру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарды. Қазақстанның көптеген қалалары мен аймақтарында, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия және басқа да елдерде ұйымның бөлімшелері құрылды. Арада қаншама жыл өтсе де қозғалыс ядросыз әлем құру жолында еңбектенуде.

СҰЛТАН КАРТОЕВ- «НЕВАДА-СЕМЕЙ» АНТИЯДРОЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ
Бүгін біз ядросыз әлем құру мәселесін көтергіміз келеді, көпжылдық ядролық сынақтардың әсерінен зардап шеккен азаматтардың әлеуметтік мәселелерін қарастырамыз. Бұл көптеген қазақстандықтарды толғандырып отырған жәйт. Осында айтылған ұныстарды біз бүгін сіздер арқылы, мемлекеттік органдар арқылы, жұртшылық арқылы жеткізіп, жақын арада шешімін табамыз деп ойлаймын.

Көпжылдық ядролық сынақтардың әсерінен зардап шеккен азаматтардың өтемақы алуына байланысты жаңа заң қабылдау керек. Бұл туралы облыс және Семей қаласы мәслихатының депутаттары, Семей қаласы қоғамдық кеңесінің мүшелері және партия белсенділері пікір алмасты.

ЕРЛАН КЕҢЕСБАЕВ- "ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ" ҚБ АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Міне, «Невада-Семей» қозғалысы, жалғасы «Полигон - 21» қозғалысы бар, бұл жақсы, барлық мәселелеррді үкіметке жеткізуге тырысудамыз. Біздің Қазақстан Халық партиясы да қолдау көрсетуге дайынбыз, бүгінде көптеген ұсыныстар айтылды, біз өз тарапымыздан осының бәріне қол жеткіземіз деген үміттемін. «Полигон - 21» және «Невада – Семей» сияқты бастамаларды қолдауымыз керек, себебі бұл біздің тарихымыз.

Жиын барысында 8 сынып оқушысы Рауан Нұроллаев көпшілік алдында Семей полигонына арнап шығарған өлеңін оқып, өскелең ұрпақ та ядролық қаруға қарсы екенін жеткізді.

РАУАН НҰРОЛЛАЕВ- ОҚУШЫ
Талай жер құлдырады кетті құлап. Зардап шеккен 500 мың халқымыз, тағдыр осы оралған алдымыз. 49 жылдары болған бұл жарылыстың аясында қалдыңыз. Ағамыз бар Олжас деген ат салысқан, Семейдің полигонымен арпалысқан. Зардап көрген аға мен әпкелеріміз үшін Олжас ағамыз жанталасқан.


АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА