Ұлттық ойынның бала тәрбиесіндегі рөлі зор. Ойын ойнап өскен баланың тілі тез шығып, ойы зерек болады. Қазір телефонға телмірген заманға балаға ұлттық ойынды ойнатуды үйрету керек, дейді мамандар.
Ұлттық ойындар ұмыт болып барады. Бес тас ойнап, ләңгі теуіп жүрген баланы көрмейміз. Есесіне телефонға шұқшиып, компьютерде тапжылмайтын ұрпақ өсіп келеді. Осы ретте балабақшалар оқу-тәрбие жұмыстарына ұлттық ойындарды енгізуде. Баланың ақыл-ойын дамытып, жетік қылады. Қазақтың ойыны баланы дамыту мектебі екені сөзсіз. Ал, телефон ойындары, интернеттің бала психологиясына тигізер зияны қаншама.
АЙЫМГҮЛ КАШТЕКОВА ТӘРБИЕШІ
Негізі осы телефон мен ұлттық ойынның айырмашылығы әрине, үлкен. Себебі, ұлттық ойындар арқылы балалардың тілдері дамиды. Ептілігі, батылдығы, өжеттілігі, дененің шынығуы барлығы осы ұлттық ойындар арқылы дамиды. Ал телефон керісінше кері әсерін береді. Ал, ұлттық ойындар керісінше балаларға жақсы. Біз күнделікті осы кабинетке балаларды әкеліп ойнатамыз. Балалар қызыға ойнайды. Мысалы, олардың түстерін айтып, санап, танымдық қабілеттері де, тілдік қоры да дамиды.
Адам бойындағы қасиеттер балалық шақта қалыптасады. «Ұрпағым өнегелі, жақсы азамат болып өсіп жетілсін десек, ең алдымен бесігіңді түзе», деген Мұхтар Әуезовтің сөзі тегін емес. Балалардың тәрбиеленушілерінің ойынға деген қызығушылығы орасан.
Қазіргі, медиакеңістік дамыған заманда балалар телефон арқылы өмір сүруге дағдыланған. Ата- аналардың басты назары күн-көрісте, бала қарайтын уақыттары көп емес. Әжелеріміз ұлттық ойын арқылы тәрбиелеудің маңызы зор екенін насихаттауда. Ойындар тек ептілік пен ойлауға ғана емес отбасының бірлік- берекесіне де әсер етеді дейді.
Біз көпбалалы отбасы болдық. Кішкентай кезімізде кешке жақын ата- анам мен балалармен бірге «Бес тас» деген ойын ойнайтынбыз. Ол ойын қолдың ептілігі мен ой, зеректікті қажет етеді. Екіншіден отбасының берекесі, ынтымағы, бірлігі, ата- ананың баламен бірге уақыт өткізуі. 01:18++05:17 Ең бірінші мен немерелеріме кішкентай кездерінен, тыңдау қабілеттері жетілгеннен бастап кешке ертегі оқып бастадым. Одан кейін «ақ сандық, көк сандық», « соқыр теке» ойынына үйреттім.
Әжелеріміз қазіргі ата-аналарға балаларға ұлттық тәрбиені сіңіруге кеңес береді. Асық атып, мақал-мәтелді жарыса жаттаған баладан болашақта тапқыр, шаруаның шешімін тез табатын ширақ балалар өсетініне сенеді.
Жұлдызай Маратқызы