Президент жасанды интеллектті барлық салада дамытуд тапсырды. Бұл жаңашылқыт білім саласына да дендеп енуде. Семей мектептері білім беру барысында жасанды интеллект технологиясын қолдана бастады. Тың технология ұстаздарға көмекші құрал болса, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып отыр.

Мұғалім жұмысының маңызды кезеңі – сабаққа дайындық. Технологияны тиімді пайдалану бұл уақытты кем дегенде екі есеге қысқартуы мүмкін. Қазірдің өзінде түрлі көмекші бағдарламалар бар. Мысалы,Chat CPT сабаққа қажетті материалдарды 1 минутта дайындап береді, оқушылардың тапсырмасын санаулы минутта тексеріп береді.Ал PhET Colorado зертханалық жұмыстар орындалатын платформа. Жаңа технологияның мүмкіндіктерін белсенді қолданып жүрген мұғалімдердің бірі физика пәнінен беретін Айтолқын Берікбосынова. Ол жасанды интеллект педагогтардың сабаққа дайындығын жеңілдететінін айтты.

 АЙТОЛҚЫН БЕРІКБОСЫНОВА - ФИЗИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Көбінесе оқушылар кітапты оқығысы келмейді,кітапта көп беттер болатын болса оған оқушы қызыпайды.Сол үшін біз оқушыларды қызықтыру үшін көптеген әдіс тәсілдер қолданамыз.Мен өзімнің сабақтарымда кұнделікті, БЖБ н\е ТЖБ алған кезде жасанды интеллект қолданамын. Физика пәнінде құралдар болмай қалғанда немесе аяз күндері онлайн оқитын кезде,сол кезде тәжірибе үшін ФЕТКОЛОРАДА әдісін қолданамын сабақтарда.Зум арқылы немесе онлайн мектеп платормасын қолданамыз. Сол арқылы оқушылар зерханалық жұмыстарын орындай береді.

Жаңашыл тәсілдердің бірі QR әдісі. Оқушылар кітапқа қарағанда берілген платформа арқылы тапсырма орындаған әлдеқайда тиімді екенін айтты.

АЙҒАНЫМ СЕЙІЛХАН - 8 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
 002-023 Физика пәнінде біз үнемі қиын тақырыптар өтеміз. Осы тақырыптарды түсіну үшін біз үнемі тәжірибелер жасаймыз.Бұл тәжірибелерді кр әдісі арқылы көрсекте болады.Мысалы қалай электр тогын алуға болады, жылуөткізгіштік туралы қызықты тәжірибелерді түсіне аламыз+ 0043-0050 Мен өзіме кітапты оқығанға қарағанда кр арқылы өтіп видео қараған қызықтырақ

Ұстаздар жасанды интеллект көмегімен өтетін сабақтар оқушының интеллектуалдық дағдыларын дамытатынын айтты. Жаңа технологияларды оқу барасына енгізіп жатқан өңірдегі мектептердің ұстаздары, кезең-кезеңмен семинарға қатысып біліктіліктерін арттырып тұрады. Мұғалімдердің пікірінше, жасанды интелект оқулықтарды алмастырмағанымен оларды толықтырып отыр.


МАДИЖАННА МҰРАТОВА