Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Халық денсаулығы басты назарда және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жобаларын іске асыру» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері халықтың денсаулығын нығайту мен өмір сапасын арттыруға бағытталған халықаралық бастамалардың барысы туралы баяндады.