Кикбоксингтен ересектер арасындағы ел чемпионаты Семей қаласында өтуде. Қазақстан біріншілігіне еліміздің барлық өңірінен 200-ден астам спортшы жиналды. Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт мектебінде жарыстың салтанатты ашылуы өтті. Жалпы, өңірде спорттың бұл түрі жақсы дамыған. Байрақты бәсекелерде облыстың спортшылары жақсы нәтиежелерге қол жеткізуде.
Ел чемпионатының Семейде өтуінің өзіндік себебі де бар. Жарыс Хакім Абайдың 180 жылдығы мен еліміздегі кикбоксинг спортының 35 жылдығына орай ұйымдастырылды.
МЕЙІРЛАН РАХАНОВ, АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Кикбоксинг тек спорт түрі емес, ол мінез, тәртіп, төзімділік пен ынтаны талап ететін нағыз ержігіт мектебі. Бұл спортта тек физикалық күшпен емес, рухани дайындықпен келеді. Биылғы чемпионатқа еліміздің 20 өңірінен келген 200 спортшы қатысып отыр. Бұл кикбоксингке деген қызығушылықтың артып, ел арасында кеңінен артып келе жатқаны жарқын дәлелі.
Кикбоксинг - Қазақстанда 1990 жылы ресми түрде жұмысын бастады. Сол жылдардан бері отандық спортшылар Әлем және Азия чемпионаттарында топ жарып, ел намысын абыроймен қорғап жүр. Сондай-ақ, биыл Қазақстан кикбоксинг федерациясының құрылғанына да - 35 жыл. Ел чемпионатының Семейде өтуі - өңірдегі кикбоксингтің даму деңгейін көрсетеді.
ҚАЙРАТ СМАҒҰЛОВ, КИКБОКСИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
3-7 қыркүйек аралығында өтеді Қазақстан Республикасының кикбоксингтен. Мақсаты - біздің құрама команда іріктелуі керек. Алдымызда үлкен жарыс – Әлем чемпионаты, қараша айында Абу-Даби қаласында өтеді.
Семей үшін бұл чемпионаттың маңызы айрықша деуге болады. Себебі, 1990 жылдары шаһарда кикбоксингтің алғашқы спорт клубтары мен федерациясы құрылған тұғын. Олар елімізде осы спорттың дамуына негіз болды.
МАРАТ ҚҰРМАНБАЙ, АБАЙ ОБЛЫСЫ КИКБОКСИНГ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Сол кезде, қиын кезде біз 90-жылдары өзіміз, азаматтар осы спортты қолдадық. Соның арқасында бүгінгі күнде жастарымыз кикбоксингпен шұғылданып, Қазақстанның туын көтеріп жатыр. Бүгінгі біздің турнирге айтатныным, осында ең мықтылары жеңіске жетсін, ертең Қазақстанның туын одан жоғары көтерейік.
Жарыста бақ сынайтындар ұлттық құрамаға жолдама алуға талпынады. Баптары келісіп, бақтары жанғандар алдағы Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.
ФАЗЛИДДИН САФАРОВ, КИКБОКСИНГТЕН СПОРТ ШЕБЕРІ
Бұл чемпионат Әлем чемпионатына іріктеу болып жатыр. Бұл жерге біз жақсы дайындалып келдік. Өзіміз сбор өткізіп, Шымкент құрама командасы жақсы ниетпен келдік. Осы чемпионаттан жолдама алып, Әлем чемпионатына аттанынмыз деп, әлемді бағындыру ниетімен келдік.
МАҚСАТ ЕРЛАНҰЛЫ, КИКБОКСИНГТЕН СПОРТ ШЕБЕРІ
Жарыс жоғары деңгейде өтіп жатқанын ерекше атап өткім келеді. Менің басты мақсатым - алтын медаль жеңіп алу. Себебі, өткен жылы екінші орын алған едім. Ал биыл бірінші орынды иеленуді көздеймін.
Кикбоксинг - олимпиадалық спорт түрі болмаса да, еліміздегі мыңдаған жасөспірімді жігер, тәртіп пен отансүйгіштікке тәрбиелеуде. Бүгінде елімізде кикбоксингтен спорт секциялары барлық өңірлерде бар. Біріншілік 7 қыркүйекке дейін жалғасады. Финалдық айқастар ел намысын қорғайтын ұлттық құраманы жасақтауда шешуші кезең болмақ.
ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ