Абай ауданында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының мерейтойына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Киіз үйлер қалашығы құрылуда. Ең ауқымды шаралардың бірі республикалық «Жеті қазына» мәдени-спорттық және туризм фестивалі ертең тамыздың 8-күні сағат 10-да Қарауылтөбеде ашылады. «Жеті қазына» фестивалінің жүлде қоры қомақты. Мысалы, «Сұлу әйел» сайысының бас жүлдесіне 5 бас жылқы, «Жүйрік ат» жорға жарысында топ жарғанға- CHEVROLET COBALT, «Құмай тазысын» баптағандардың үздігіне 3 бас жылқы бұйырады. Жүлдегерлерге өзге де қомақты сыйлықтар бар. Осы және өзге де қызықты шаралар барысынан біздің тілшілеріміз 8-9-10 күндері тікелей эфирде хабар тарататын болады. Ал қазір Абай ауданында жүрген тілшіміз тойға дайындықты айтып берсін.
Ұлылар мекені қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын тойлауға әзірленіп жатыр. Ауқымды дайындық абаттандыру мен жол инфрақұрылымынан бастап мәдени-рухани іс-шараларды қамтыды.
МЕЙІРЖАН СМАҒҰЛОВ – АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Расымен де, бүгін Абай ауданы үшін тарихы сәт болайын деп тұр, соның куәсы болайын деп отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, жыл басында, үндеуден кейін, облыс басшысы Берик Уалиулы тікелей бастамасымен, үлкен мерей той аясында жұмыстар басталып кеткен болатын. Ол жұмыстардан Абай ауданы тысқары қалған жоқ, себебі білесіздер, Абай ауданы, яғни Абай Кунанбайулының мәңгілік мекені осы жерде орналасқаннан кейін бұл үлкен мерей той аясында Абай тойында абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бағытында үлкен, ауқымды жобалар басталды.
Той қарсаңында 15 гектарлық Абай саябағы жаңартылды. Ол осыдан 5 жыл бұрын салынғанымен ақынның 175 жылдығы пандемия кезіне түскендіктен саябақ қызмет көрсетпеді. Биыл облыс әкімі Берік Уәлидің қолдауымен саябақ жаңартылып, сахна орнатылды, жарықтандыру және сумен жабдықтау жүйелері жөнделді.
МЕЙІРЖАН СМАҒҰЛОВ – АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Абай ауданында орналасқан ең үлкен саябақ, бұл 15 гектарды қамтыған саябақ, бұл Абай Кунанбайулынын 175-жылдығының қарсаңында 2020 жылы салынған болатын. Ол кезде пандемия болуына байланысты, бұл саябақ халыққа қызмет жасамаған, бірақ кейіннен жылма-жыл, жазғы уақытта, халықтың сүйікті келетін орны болғандықтан, биылда осы саябаққа қаржы бөлініп, күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар бұл саябаққа сахна орнатылды және жарықтар, су жүйелері бәрі қалпына келтіріліп, оны өздеріңіз куә болып отырсыздар.
Мерейтойға орай ауданда 184 киіз үй орнатылады. 400-ден астам кәсіпкер арнайы дайындалған алаңдарда сауда жасайды. Қоғамдық тәртіпті 500 әскери қызметші, қонақтарға кеңес беріп, ақпараттық қызмет көрсететін 400-ге жуық ерікті болады. Мереке аясында аламан бәйге, тоғызқұмалақ және өзге де ұлттық ойындардан бәсекелер ұйымдастырылады. Жеңімпаздарды автокөліктер мен басқа да бағалы сыйлықтар күтеді.
МЕЙІРЖАН СМАҒҰЛОВ – АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Бұның барлығы бюджет қаражатынан емес, әр ауданнан, облысымыздан шыққан, облыс басшысының үндеуіне сәйкес мына кәсіпкер азаматтар үндеуге салынып жатыр. Біздің Абай ауданының азаматтары тысқары қалған жоқ, Абай ауданының азаматтары автокөлік тігіп, сонымен қатар 90 бас жылқына сыйға тартып отыр.
Мерейтой ауданға жаңа леп әкелді. Әуезов және Шәкәрім көшелері асфальтталды, көше жарығы жаңартылды, Семей — Қараауыл тас жолының 20 шақырымы және Аягөз — Қараауыл жолының 15 шақырымы асфальтталды. Тойдың болғанынан боладысы қызық, дегендей, тұрғындар да атқарылған істің әрқайсына марқайып, көңілдері шат. Ауыл балалары ақын өлеңдерін жаттап өсіп келеді. Киелі топырақта аунаған бүлдіршіндерге шабыт қасиетті жердің рухымен берілгендей.
Ғылым таппай мақтанба.
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба.
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Ұлы ақынның мұрасын насихаттап, ойшылдың дана сөздерін ұрпақ санасына сіңіру. Мерейтой мақсаты да осы.
НҰРГҮЛ САДЫҚОВА