Абай облысындағы республикалық жолдардың 250 шақырымына биыл орташа жөндеу жүреді. «Қалбатау - Майқапшағай» республикалық автожолының да құрылысы биыл аяқталмақ. Ал «Талдықорған – Қалбатау - Өскемен» жолында жыл соңына дейін жол белгілері қойылып, жолақтары сызылып, аялдамалар мен демалыс орындары абаттандырылады.


Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облысын басып өтетін «Талдықорған – Қалбатау - Өскемен» жолы тақтайдай, қазір. Әлі де тамамдайтын тұстары бар. Ал Қалбатаудан Көкпекті, Ақсуат, Тарбағатай, Зайсанға жүретін жолаушының қажып-ақ жүргені әмбеге аян. Күре жолдың құрылысы тым ұзаққа созылып кеткеннен, әлбетте. Үміттің отын сөндірмей, шыдам танытып келе жатқан төрт ауданның жұрты жақсы жаңалық күтуде.


Айбек Ануарбеков – «Қазавтожол» ҰК» АҚ Абай облысы филиалының директоры


Қалбатау – Майқапшағайда да толықтай жұмыстар, асфальтпен бітіру жоспарлануда. Жыл соңына дейін толықтай асфальтпен жол қозғалысын ашамыз. «Талдықорған – Өскемен» жолы биыл толықтай аяқталады. Қазір абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол белгілерін қою, жол белгілерін сызу, сосын мына жол жиегінде барьерный ограждение дейміз, сол қоршауларды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Бұдан бөлек, «Өскемен - Семей», «Семей – Ресей Федерациясы шекарасы», «Семей - Қайнар» сияқты жолдардың кейбір учаскелерінде орташа жөндеу жүреді. Осы жылы 250 шақырымға асфальт төселеді. Кетеуі кеткен «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай - Боғас» жолы да назарда.


Айбек Ануарбеков – «Қазавтожол» ҰК» АҚ Абай облысы филиалының директоры


Қазір мына Малкелді мен Баршатас елдімекені ортасында, одан кейін Баршатас пен Мәдениет ауылының ортасында. Бұл жұмыстарды орташа жөндеу шеңберінде бұл жұмыстар жалғасын табатын болады. Одан бөлек, қазір мынау Аягөз бен Ақсуат бағытында бір участокта жөндеу жұмыстары басталды.


Әлбетте, сәтті сапар сапалы жолдан басталады. Жол тақырыбы қашанда өзекті. Салынған жолдың сын көтермейтін кезі көп.


Хамзат Сұлтанов – «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облысы филиалының директоры


Жолдардың сапасын көтеру мақсатында біздің мекеме мынау цифровизация ретінде жұмыс үлкен атқарып жатыр. Жолдарды цифрландыру жұмыстары, одан кейін мына диагностикалық жұмыстарын. Жалпы, бізде арнайы техника бар. Жолдарды диагностика жұмыстарын өткіземіз. Жолды жарты сағат ішінде өтіп, бүкіл қандай ақаулар бар, сол жолға қандай қажетті ұсыныс береміз. Қандай жұмыс жасау керек сол жерге, жөндеу жұмыстарын, жамау жұмыстарын, одан кейін жалпы, мына реконструкция дейді, құрылыс дейді, сондай жұмыстар.


Кезекті жол жөндеу маусымы басталды. Биылғы жылдың жоспарын іске асыру жүктелген мердігерлер міндетіне кірісіп кетті. Жолдың сапасын мамандар қатаң бақылауда ұстайтын болады.


Ерзат Жанатұлы