ШҚО театрының оперетта труппасы өзінің алғашқы гастрольдік сапарымен Семей қаласына келді . Жас ұжым Абай атындағы театр сахнасында талғампаз семей тұрғындарына «Айсұлу» операсын ұсынды.

«Айсұлу» - қазақтың тұңғыш балетмейстері, композитор Сыдық Мұхамеджановтың шығармасы. Ол қазақ операсындағы күрделі туындылардың бірі болып саналады.

Руслан Қайырсынов – ШҚО драма және оперетта театрының бас директоры

Қазақ біз ырымшыл халықпыз, сондықтан ең бірінші мына былтыр бірінші маусым ашылғаннан кейін, осы Абай облысы киелі жер деп шығыстың етене туыс болып кеткен екі облыс бөлінгелі бірнеше жыл өтті. Соны сағынышпен ең бірініші гастрольдік сапарымызды осы Абай облысынан бастап, Семей қаласы киелі жерден бастап отырғанымыз мына халыққа міне қазір көріп отырсыздар аншлаг.

«Айсұлу» операсы махаббат, ерлік пен адалдық тақырыптарын қозғайды. Басты кейіпкер- Айсулу есімді қыз, ол жүректің тазалығы мен батылдығы арқылы көрерменнің жүрегін жаулап алды.

Ботагөз Жұмабекова – ҚР «Мәдениет саласының үздігі»

Бұл операда мен басты кейіпкер Айсулудың рөлін сомдаймын. Айсулу өте мінезді қыз, ол өзінің махаббатына адал қыз, жүрегі таза, мен өзім сахнада Айсулудың керемет сондай бір жағынан бір тік мінезді және де бір жағынан жүрегі өте жұмсақ қызды көрсеткім келді.

«Айсұлу» операсы – ұлттық дәстүр мен классикалық музыкалық өнердің тамаша үйлесімі. Спектакль махаббат, адалдық және өмірлік сынақтар арқылы өткен екі жастың тарихын баяндайды. Қойылымда әдемі ариялар, әсерлі хор партиялары мен актерлердің сезімге толы ойындары көрермендерді баурап алды.

Алмас Рахымжанова - Көрермен

Сондай жақыс әсерде болдық, осындай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса дейміз. Театрға келіп Айсулу операсын көріп, біраз болсада демалып қайттық.

Труппа үшін бұл гастроль маңызды әрі ерекше, себебі труппа тұңғыш маусымын жақында ашты, ал Семейде өнер көрсету – олардың шығармашылық жолындағы алғашқы үлкен қадамы. Ұжым алдағы уақытты Қазақстанның басқа да қалаларын, Ресейдің Астрахнь қаласына бару жоспарлап отыр