Өткен жылы Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұтынушылар тарапынан бір мың отыз бес өтініш келіп түскен. Өтініш-шағымдардың дені жеке және электрондық сауда, тұрмыстық қызметтер бойынша тіркелген. Тұтынушылардың құқығын қорғау кезінде өткен жылы 29 әкімшилік іс қозғалып, шағымданушыларға 28,3 миллион теңге қайтарылды. Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлим болды. Тұтынушылардың құқығы көбіне азық-түлікке жатпайтын тауарларды айырбастауда, жиһаз алуда, есік-терезелерге тапсырыс беруде жиі бұзылады. Кәсіпкерлер тарапынан да түрлі қызметтердің сапасына тұтынушылардың көңілі толмайтын жайттар да живи кездеседі, дейді мамандар. Өткен жылы тұтынушылар тарапынан түскен мыңнан астам шағым бойынша тісті жұмыстар атқарылды. Ең көп шағым сауда-саттық саласында.
Серікхан Нұртазин – Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы
Тұтынушылар шағымдарында талап еткен қаржы көлемі 30 миллион теңге шамасында болса, ониң 28,3 миллион теңге немесе 94,3 пайызы қайтарылды. Ең көп шағым - арыздар жеке сауда жасауға байланысты 574 өтініш түсті. Тұтынушыларға 18 миллионов теңге қайтарылды. Түскен өтініштердің саны бойынша екінші орынды тұрмыстық қызметтер алады. Ол 282 өтініш. Ол 27,2 пайыздың шамасында. Тұтынушыларға 6 миллионов теңге шамасында қайтарылды. Электрондық сауда мәселелери бойынша 96 өтініш түсті. Тұтынушыларға 1,8 миллиона теңге қайтарылды.
Тұтынушылардың құқығы әр салат бұзылып жатады. Бұл ретте құзырлы мекемелерден бөлек, тұтынушылардың құқығын қоғамдық бірлестіктер де қорғап жүр. Тұтынушы өзінің құқығы бұзылмауын басты назарда ұстауы қажет, дейді сала мамандары. Ол үшін «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 18-ші, 24-ші және 33-ші баптарын басшылыққа алуға болады.
Қалдыгүл Раймбекова – «Қорғаушы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
Егер де қандай да бір қызметке немесе жұмысқа тапсырыстар берген кседерде міндетти түрде шарт жасасу, тапсырысты қай кезде алды, қай уақытта дайын болады, кәсіпкердің міндеті, тұтынушының міндеті бәрі-бәрі шартта айқын көрсетілуі қажет. Қандай да бір азық - түлік өнімин сатып аларда ониң дайындалу уақыты, жарамдылық мерзіми, сақталуы тауарда көрсетіліуи шарт, яғни маркировка дейміз, зат таңбасы айқын болуы керек.
Қазір құзырлы мекемелер, қоғамдық бірлестіктер 2010-жылы қабылданып, 2020-жылы қорғау туралы» заңаясында жұмыс істейді. Заң алдағы уақытта тағы да толықтырылады. Өзгерістер қоғамдық талқылаудан да өткен. Енді халық қалаулылары мен қоғамдық ұйым өкілдері арасында пікір алмасулар жүріп жатыр.