Қаламызда «Семейден ескен самал» ақындар антологиясының тұсаукесері өтті. Игі шара шаһардың белді ақындарының бастамасымен, қалалық әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылды. «Семейден ескен самал». Кітап киелі мекеннен шыққан дарындылардың, поэзия әлеміне бойлаған жас ақындардың шығармашылығын қамтиды. Елге танымал ақындарымызбен қатар, түлі мүшайрада өңір намысын қорғап жүрген жас таланттардың да өлең жинақтары басылған. Шаһар басшысы ақындардың шығармашылығына сәттілік тілеп, жүрекжарды лебізін арнады.

Нұрбол Нұрсағатов – Семей қаласының әкімі

Ұлтымыз Абайдай алыбын, Шәкәрімдей данасын, мұхтардай кемеңгерді дүниеге әкелген қасиетті қарт Семейдің қойнауы толған тарих, өмірі тұнған поэзия. Көпшілікке жол тартқан «Семейден ескен самал» ақындар антологиясы өз оқырмандарын табады деген үлкен сенімдемін.Бұлда бір тарихи сәт біз Абай, Мұхатар аталарымызды дәріптесек. Кейінгі ұрпақ жас ақындарымызды дәріптейме деген сенімдемін

Ақындар Абайдың ізін жалғастырып, ақындық дәстүрді дәріптеу парыз деп біледі. Олар ұлы тұлғалардан тәлім ала отыра қазынасы мол қазақ өнерінің мол мұрасын насихаттап, өз шығармашылықтарын шыңдай түсуде.

Дәулеткерей Кәпұлы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын

Абайдың топырағы кешегі қазақ классикалық әдебиетінің басында Семей топырағының азаматтары тұр. Абайдан бастау алған классикалық прозада Мұхтар Әуезов тұр. Сопылық поэзияда Қожа Ахмет Ясауидан кейінгі қазақ топырағында Шәкірім тұр. Сондықтан ар ілімі бар жерде, Абайдың жерінде, Семейде өсіп-өнген азаматтар алаштың, қазақтың жай-күйін жырлап жүрген ақындар

 «Семейден ескен самал» ақындар антологиясында 30-ға жуық ақынның туындылары қамтылған. Семей өңірі ежелден қаламгерлердің, ақындардың елі. Киелі жерде тарихтан ойып тұрып орын алған түрлі туындылар жарық көріп, ұлттық руханиятымыз үшін еңбек сіңіруде.

Аружан Таубекова