Семей қаласының №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ашық есік күні өтті. Орталықтың тұрғындарына туған-туыстары келіп, олардың өмір сүру сапасы мен күнделікті тірліктерімен танысып қайтты.
Семей қаласының №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының іргетасы 1970 жылы қаланды. Қазіргі уақытта бұл жерде 150-ден астам қарттар мен мүгедектер тұрып жатыр. Орталықта оларға медициналық және әлеуметтік қызметтің барлық түрі көрсетіледі. Одан бөлек, қарттар үйінің бастамасымен белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары жұмыс істейді. Шағын орталықта 20 зейнеткер арнайы қызмет алады.
Айгүл Ұзақова - №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры
Орталықтың қызметкерлермен бірге, біз мұнда тұратын зейнеткерлер мен мүгедектердің көптеген жақындары туыстарының қандай жағдайда тұратынын білгісі келгендіктен, ашық есік күнін өткізуді шештік. Алда келе жатқан қарттар күніне орайластырып өткіздік. Олардың қалай тамақтанатынын, бос уақытты қалай өткізетінін, қазіргі уақытта қандай көңіл-күйде екенін, қандай медициналық қызметтер алатынын көрсеттік.
Надежда Цвентарнаяның орталықта тұрып жатқанына 3 жылдан асты. Әне-міне дегенше жасы 80-ге толады. Зейнеткер орталыққа келгелі денсаулығы жақсарғанын айтты. Жақсы күтім және жағымда орта әжейге онкологиялық аурудың салдарымен күресуге оң ықпал еткен . Енді ол белсенді өмір сүруде. Орталықтың барлық мәдени шараларына қатысып, үнемі жайдары жүреді.
Надежда Цвентарная – Зейнеткер
Бұл жердегі барлық нәрсе менің көңілімнен шығады. Адамдардың қарым-қатынасы ұнайды. Қызметкерлер үнемі амандасып жүреді, аптасына бір рет директор аралап шығады. Қандай да бір дәрі-дәрмек керек болған жағдайда әлеуметтік қызметкерлер дәріханадан әкеліп береді.
Орталыққа бауырының қалын білуге келген Баян Рахимова зейнеткерлерге жасалған жағдайды көріп, өз бағасын берді.
Баян Рахимова – Қала Тұрғыны
Маған ұнағаны – барлық көрсетілген жерлер 1 этаждан бастап, 4 этажға дейін өте жақсы, керекті заттармен қамтамасыз етілген. Барлық отделениелер бар, әрбір палатада көрініп тұр, қызмет көрсету орталығы адамдарының қандай қамқорлықпен қарайтыны.
Әлеуметтік қызмет өмірдің қажеттілігінен туған. Орталық өз тұрғындарының жайлы ортада өмір сүруне мән береді. Оның қызметі қоғамға түсінікті болуы үшін Семей қаласының №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының айтуынша, алдағы уақытта ашық есік күндері өз жалғасын таппақ.
Сұлтан Жоламанов