Семейде 2023 жылы салынған жылу қазандығы өрт қауіпсіздігі талаптарына байланысты пайдаланылмай отыр. Бұл туралы ҚР жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді. Онда Үкімет пен жоғары аудиторлық Палатаның 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері қаралды. Бұл туралы келесі материалда.
Әлихан Смайылов бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруда тәртіп орнату қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, нысандарды мақсатсыз пайдалану фактілері күрделі мәселе болып отыр. Атап айтқанда, Семейдегі жаңа қазандық өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмегендіктен әлі іске қосылған жоқ. Базар аумағындағы "Орталық" қазандығына қарасты №7 қазандық пен автожанармай құю станциясына дейінгі қашықтық 100 метрден аз, бұл өрт немесе жарылыс қаупін тудырады. Жоғары аудиторлық палата төрағасы жобаларды орындау мерзімдерін ұзарту және қымбаттату тәжірибесін тоқтату қажеттігін атап өтті.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ – ҚР ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТА ТӨРАҒАСЫ
Жобаларды жоспарлаудан бастап, оларды іске асыруды басталуына дейіңгі мерзімдерді қысқартқан жөн. Осы орайда бюджеттік әкімшліктерге міндетті түрде типтік жобаларды жүктелуі тиіс. Мұндай жобалар бойынша жоспарлауды қажетті сараптамалармен рұқсаттар алудың жетеленген рәсімдері болуы тиіс. Осы жобалардың құнын мониторингілеу үшін, осы жобаларды ықтимал қымбаттауын IT-шешімдерді қолдану арқылы қадағалауға болады. Бұл болашақта жобалардың қымбаттауына байланысты рәсімдерден өту қажеттілігін алып тастамаса кем дегенде оларды қысқарту мүмкін. Өнім жеткізушілерді айқындау барысында адами фактор барынша болмауы тиіс, бұған тек цифрлік шешімдерді қолдану арқылы жеткізуге болады.
Бұған дейін "Орталық " және "Ғаббасов" қазандықтарын қалпына келтіруге 1 млрд. 700 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінген болатын. "Ғаббасов" қазандығын қайта жаңарту 2024 жылғы 26 қаңтарда аяқталды және пайдалануға қабылданды, бұл оның қуатын сағатына 20 Гкал-ға арттыруға мүмкіндік берді. Ал "Орталық" қазандығындағы қосымша қазандықты іске қосу үшін Қабанбай батыр, 76а көшесіндегі жанармай құю станциясын орнынан алу керек. Осыған байланысты жылу көзінің қызметі кешіктірілуде.
ЖАНДОС ҚАЙЫРХАНОВ – ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.
Қазір онымен қала әкімдігі сотқа жүгіну арқылы жұмыстар атқарылып жатыр. Өйткені ол, енді, ол жерде болмауы керек. Ол АЗС ол жерде болмау керек негізі, сондықтан, сол жұмыстар біткеннен кейін, орталық қазандықтың, ол жерде реконструкция жасағанда, қосымша 20 Гкал күші ұлғаюы керек қой, сол бұйртса биыл сол 20 Гкал тағы үстінен қосылады.
"Орталық" жылу көзіндегі жаңа қазандықты пайдалануға беру оның жанармай құю станциясына жақын орналасуымен байланысты әзірге мүмкін емес. Облыстың коммуналдық сала басшысының айтуынша, қазандықтағы құрылыс аяқталды, қызмет етуге толық дайын. Алайда жаңа жылу көзі алдағы маусымда тұтынушыларға қызмет ете ме, жоқ па, ол соттың шешіміне байланысты болады.
НҰРГҮЛ САДЫҚОВА