2024 жылы адам папилломавирусына қарсы вакцина Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілді. Бұл аурудан қорғаудың тиімді әдісі. Вакцинаны Абай облысындағы 11 жасар 5000-ға жуық қыз балаға егу жоспарлануда. Бұл шара осы жылдың күзінде басталады. Қазақстан Республикасында жоспарлы иммундау бағдарламасы қарқынды жетілдіріліп, кеңейтілді. Қазіргі уақытта бағдарлама балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге 21 инфекцияға қарсы вакцинациялауды қамтиды. Биыл олардың қатарына жатыр мойны обырының қоздырғышы-адам папилломавирусына қарсы жаңа вакцина қосылды. Жатыр мойны обыры әлемдегі әйелдерде 4-ші орында тұр және Қазақстанда сүт безі обырынан кейінгі екінші орында.

АЙНҰР СЕРІКБАЕВА СЭБД БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Еліміздегі көрсеткіштерді айта кетсек жыл сайын осы жатыр мойны обырының 1900 жаңадан тіркелген жағдай тіркеленеді. Бұл дегеніміз күнде жаңа 5 жағдай тіркелініп тұрады. Ал өлім бойынша күнделікті, татистикаға сүйенсек, республикамызда күнделікті бұл дерттен 2 әйел көз жұмады.

Адам папилломавирусы жыныстық қатынас, тұрмыстық байланыс, терінің зақымдануы арқылы таралады. Сондай-ақ, адамның папилломавирусы эпиляция немесе қырыну кезінде дененің бір аймағынан екіншісіне көшеді. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарда моншалар, спорт залдары, бассейндерге барғанда жеке гигиенаны сақтау керек. Жатыр мойны обырын емдеудің негізгі әдістері хирургиялық, сәулелік және химиотерапия. Бұл вирус түрлі ауруларға, бедеулікке әкелуі мүмкін. Вакцинаның арқасында ауруды жоюға болады, дейді мамандар.

АЙҒАНЫМ ЖАМБЫРБАЕВА СЭБД ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ БАС МАМАНЫ
Абай облысында екпемен қамтылуға тиіс 11 жасқа дейін 5 мыңға жуық қыз бала бар. Жалпы, 11 жасқа дейінгі қыз балалр қамтылатын болады. Тағы да айта кететінім әрине вакцинация алу немесе алмау бұл ата-ананың өзінің құзыретінде , алайда осы ата-аналардың қарсы болуы себеіне көптеген аурулардың ұшығып жатқанын білеміз. Алайда осы вакцинацияны алу арқылы , вакцинациядан бас тартпау арқылы ата-аналар өздерінің балаларын және өздерін қорғай алады.

Бұл вакцина әлемдік деңгейде өзінің қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдеді. Оны әлемнің 135 елі өздерінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізіп отыр, соның ішінде Еуропа, АҚШ, Ұлыбритания, Канада елдері бар. Бұл елдерде инфекциясының таралу деңгейі төмендеген. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 11 жастағы қыздарға вакцина салуды алдағы күзде бастайды. Егу тегін және ата-аналардың келісімімен жүргізіледі. Вакцина 6 ай аралығымен екі рет салынады.


НҰРГҮЛ САДЫҚОВА