30 мамыр күні сағат 15:00 шамасында Семей қаласының төтенше жағдайлар департаментіне Абай көшесі 70 мекен-жайындағы 13 қабатты үйдің 6-шы қабатында өрт шықты деген хабары түсті. Дабыл бойынша оқиға орнына тез арада келген құтқарушылар мен өртке қарсы күрес қызметі отты сөндіріп, адамдарды құтқаруға кірісті.

Төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнында. 13 қабатты үйдің 6-шы қабатында от тұтанып, лаулап жанып жатыр. Пәтерде адамдар бар. Бұл арнайы жаттығудың жоспары.

СҰЛТАН ЖОЛАМАНОВ ТІЛШІ
Оқиға орнына бірден бастап кетті. Отқа оранған пәтердің-құтқару жүріп жатыр.

Құтқарушылар автосатылардың көмегімен жоғары қабатта өрт құрсауында қалған адамдарды терезе арқылы алып шықты. Оқу-жаттығу жеке құрамның төтенше жағдайдағы іс-қимылдарын ұштап, жедел әрекетін пысықтау үшін керек. Оның басты шарты – өртті тез арада өшіріп, от құрсауында қалған адамдарды құтқару.

ДАНИЯР АЛИМКИН – «АБАЙ ОБЛЫСЫ ТЖД ӨСжАҚЖҚ» РММ БАСТЫҒЫ
Өрт тактикалық оқу-жаттығуы барысында тактикалық шарт бойынша сымның қысқа тұйықталуынан өрт шықты. Өрт кезінде жиһаз және жеке заттар жанды. Соның кесірінен алтыншы қабаттағы өрт түтіні сегізінші және одан жоғары қабаттарға тарады. Шарт бойынша 14 адам құтқарылды, оның 4-еуі бала. Бізде автосаты бар, сонымен де 2 бала құтқарылды.

Көпқабатты үйдегі өртті өшіруде автосатылардың көмегі қажет. Алайда, 10-шы қабатқа дейін жете алатын автосаты жұмыс істеу үшін аулада бос орын керек. Көпқабатты үйлердегі өртті өшіруге ауланың бос болмауынан оқиға орнына арнайы техниканың келе алмауы және үйдің алдында тізіліп тұратын көліктер кедергі болып жатады.

ДАНИЯР АЛИМКИН - «АБАЙ ОБЛЫСЫ ТЖД ӨСжАҚЖҚ» РММ БАСТЫҒЫ
Келген кезде адамдар көп, көп машиналар бар, келу кезінде кішкене осындай қиындықтар болады, машиналар өткізбей, сосын автосатыны қоятын жер жоқ. Біздің көліктерге тұратын орын жоқ.

Соңғы үш айдың ішінде Семей қаласы бойынша төтенше жағдайлар қызметі өрт дабылымен 10-ға жуық шақыртуға барды. Өрттің тұтануына ескі үйлердегі тоқтың қысқа тұйықталуы мен электроқұрылғыларды қараусыз қалдырып кету себеп болған. Жалпы 20 адам құтқарылды, қызыл жалын бір адамның денсаулығына зардабын тигізді. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ержелерін сақтау өте маңызды екенін ұмытпаған жөн, дейді мамандар.


СҰЛТАН ЖОЛАМАНОВ