Жаз мезгілінде түрлі инфекциялар бой көтеріп, аптап ыстық та адамның денсаулығына зиян. Ішек инфекциясы көбейіп, күн өту, улану сияқты жағдайлар артады. Алда жаз маусымы, сондықтан мамандар денсаулыққа көңіл бөлуге шақырады.

Жаз - жедел ішек инфекцияларының уақыты. Ыстық мезгіл күн сәулесінің өтуіне және жүрек-қан тамырлары ауруларының өршуіне себеп болады. Сондықтан жаз мезгілінде тікелей күн сәулесінен аулақ болып, көбірек су ішу керек және алкогольдік сусындардан аулақ болу керек, дейді дәрігерлер. Жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын науқастардың қатары айтарлықтай "жасарып" бара жатыр.

ЖАСҰЛАН СӘБИТОВ АБАЙ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ М. А
Бұрын егер жүрек ауруы, онкология аурулармен көбінесе үлкен адамдар ауырса , қазір ол аурулардың бәрі жасарып жатыр. Мысалы онкологияны айтатын болсақ, жүрек ауруынан да басқа ауруларда әр жасқа байланысты скринингтары бар емханаларында. Сол скринингтерді уақытында өтіп, шақырған кезде барып қаралып отырса ондай жағдайды алдын ала бастапқы этапта анықтауға болады.

Суға түсу маусымы басталды. Жағалауда көптеген инфекциялар жұғуы мүмкін. Тазалықты, жеке гигиенаны сақтамау-басты себеп, дейді мамандар. Вакцинация-жұқпалы аурулардан қорғаудың қарапайым, тиімді және қауіпсіз әдісі.

ЖАСҰЛАН СӘБИТОВ АБАЙ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ М. А
Алдын алу шараларына ең бастысы вакцинация жатады. Аурулар бар вакцинаға көнетін. Яғни вакцинаны алды. Например, корьды айтайық, осы сезонда көп кездескен балалар арасында. Егер содан вакцинаны алған болса, ол бала ауырмайды. Тіпті ауырған күннің өзінде, жеңіл түрде өтеді. Қазір көп кісілер вакцинаны алмай жатыр ғой, одан кейін барып жанағы аурулармен ауырғанда ауруханаға ауыр халде түсуі мүмкін. Сондықтан қандай аурулар болмасын, вакцина алғанды өте жөн деп есептейміз біз. Көп вакциналар ғылыми түрде зерттеліп уже қанша уақыт болды, одан коркатын ештеңесі жоқ

Аурудың алдын алу үшін денсаулықты сақтаудың қарапайым тәсілдері ұсынылады: адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық жерлерге баруды шектеу; үй ішін үнемі желдету, антисептиктерді қолдана отырып дезинфекциялық режимді күшейту; науқас адамдармен байланыстарды шектеген жөн. Сырқаттанған жағдайда уақтылы медициналық көмекке жүгіну керек.


ЖҰЛДЫЗАЙ МАРАТҚЫЗЫ