«Қар құрсауында отырмыз». Малаяақтобе кентінің тұрғындары редакциямызға осындай шағыммен хабарласты. Бұл ауыл Жаңасемей ауданына қарайды. Малаяақтөбе кенті қарайтын Озерки ауылдық округі жаңа ауданның құрамына кірді. Енді әкімдік өкілдері жауапкершілікті бір-біріне сілтеп отыр.

РҮСТЕМ ҚАЙРАТҰЛЫ ТІЛШІ

Малаяактобе кентінің тұрғындары қар құрсауында қалып, қалаға қатынай алмай қиналып отыр. Бірнеше күн бойы тоқтаусыз жауған қарды күрейтін мекеме жоқ. Мынадай омбы қарда көлікпен жүру қиын. Тұрғындар Озерка ауылдық округінің әкімдігіне бірнеше мәрте шағымдарын айтып хабарласқан. Алайда мардымды жауап ала алмапты.

Малаяактобе кентінің тұрғындары үшін қазір қалаға қатынау қиындық тудырып отыр. Осыған дейін Озерки ауылдық округінің әкімдігі техника жіберіп жолдарды тазартатын дейді. Биыл жағдай басқаша. Қар қалың жауған. Енді балаларды сабаққа жібере алмай, ата-ана қауымы әбігерге түсіп отыр.

АЙНҰР ИБРАЕВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Машина болмаған кезде жаяу шығу қиын бізге. Бұрын 30 жүретін әйтеуір үлгеріп бірдеңе қылып жүретінбіз. Қазір олда жоқ бізде. Қар құрсауында қалып тұрмыз иә. Бізде автобуста қиын болып тұр. И жол сол кішкене. Өзіміз ашамыз оны жасыратыны жоқ. Мында ер адамдар қолдарына күректерін алып шығады. Енді жұмысқа да бару керек қой.
ЛИДИЯ КОЗЛОВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Осы ауылда қанша жыл тұрып келемін. Біресе Березовский ауылына қарасты болдық. Одан кейін Озерки ауылдық округіне қарайтынбыз. Салық төлеп отырмыз. Қар жауғалы осы мәселе қайта туындады. Мектептің автобусы келе алмайды. Балаларды сабаққа жіберу қиын болып отыр.

Оқушыларды мектепке жеткізетін автобус ауылдың ішіне кіре алмайды. Жолды қар басып қалған. Балаларды мына суықта аялдамаға жаяу апару керек. Күрелмеген жолда аяқ алып жүре алмайсың. Далада қаңғыған ит те көп.

МӘРЗИЯ ДАРИЕВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Жарты жол жаяу жүреміз. Алдымыздан «алабайлар» күтіп алады бізді. Содан қорқамыз. Иттен қорқамыз әйтпесе жүруден қорқпаймыз. Шыны керек иттер көп. Жарты жолды тазалайды. Жарты жол қалады сол бетінше. Міне мына кісілер үлкен кісілер бұл кісілерге өте қиын тазалау.

Мәселенің мән-жайын білу үшін Озерки ауылдық округінің әкімдігіне бардық. Ауыл әкімі бізді бас маманға алып барды.

ЕРБОЛ ШӘРІПОВ ОЗЕРКИ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМДІГІНІҢ БАС МАМАНЫ
Неше жыл болды. 6-7 жыл болды керек қылсаңыз. Алғаш қаланың териториясының жобасы жасалды ғой сол кезде кеткен дүние болатын. Ауыл тұрғындары сұарағаннан кейін кейбір техникаларды жіберетінбіз. Қазақша айтқанда «не делай добро, зло не получишь дейді бұл жұрде. Аға көке деп жалынып жалпайып сұраған соң жіберетінбіз. Соляркасын құйып беріп, өзіміз жиналып солай. Енді оған ақша қарастырылмаған.

Озерки ауылдық округі әкімдігінің бас маманы мәселеге қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жауапты екенін айтып отыр. Аталған бөлім мамандарымен телефон арқылы байланысқа шықтық. Олар бүгін қажетті техниканы жіберіп Малаяақтөбе кентіндегі жолды қардан тазартамыз деп сендірді.


РҮСТЕМ ҚАЙРАТҰЛЫ