17 қаңтар мен 17 ақпан аралығында "Досбол like"республикалық акциясы өтті. Оның басты мақсаты- ұжымдық негізде мектеп оқушылары арасында жақсы қарым- қатынас орнату. Оның аясында еліміздің білім беру мекемелерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
"Досбол like" акциясы мектептегі әлеуметтік-эмоционалды ахуалды жақсартуға бағытталған. Акция ұраны - "егер сіз нағыз досқа ие болғыңыз келсе- өзіңіз нағыз досқа айналыңыз ". Бұл жоба оқушыларға құрдастары арасында қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жауапкершілік, өзіне деген сенімділік сияқты көшбасшылық қасиеттерді дамытуға көмектеседі. Бұл бағытта Семей қаласының №35 мектебінде "Жақсылық жаса" еріктілер ұйымы жұмыс істейді.
ГҮЛЖАНАТ МҰХАМЕТЖАНОВА №35 МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М. А
Мектебімізде көптеген жылдар бойы "Жақсылық жаса" еріктілер ұйымы жұмыс істейді, ол барлық мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталған. Бұл ұйымға білім беру процесінің қатысушылары кіреді, бұл ұжым да, ата-аналар да, оқушылар да. Мысалы, емделуге немесе сыйлықтарға қажетті көмек білім беру процесінің барлық қатысушыларымен жиналады. Бұл жағдайда бір үлкен отбасы болып, қандай да бір қиындықтарды жеңіп шыққанымыз балаларға үлкен үлгі бола алады.
Күнделікті өмірде студенттер арасында қорқыту және кибербуллинг жағдайлары жиі кездеседі. "Досбол like" акциясы осы жағымсыз жайттарды азайту үшін оң орта құруға бағытталған. Осы жоба аясында өтетін Ұжымдық шығармашылық істердің арқасында балалар адалдық, қамқорлық және қолдау сияқты қасиеттерді бойларына сіңіреді.
МАХАББАТ ОРАЗБЕКОВА № 35 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Акцияны құрған кезде өзінің мазмұнын бізге көрсетіп берді 1-ші қалаймын. Қалаймын дегенде ол қысқа мерзімді жоспар құрып алу керек. Жасай аламын осы жоспардың ресурсын ұсына білу керек , 3сі мен жасаймын дегенде осы акция негізінде нақты қадамдар жасалу керек. Осы акция негізінде өзіміздің мектепшілік жоспарымызды жасадық. Жоспарда оқушылар, ата-аналар, мектеп психолоктары, қатыса отырып көптеген іс шаралар өткіздік.
Мұндай жобалар ынтымақтастық, басқалардың қажеттіліктерін түсіну сияқты әлеуметтік дағдыларды нығайтуға көмектеседі. Бұл бастамалар балалардың жеке тұлға ретінде дамуына ықпал етіп қана қоймай, мектепте жағымды әлеуметтік орта қалыптастырады. Болашақта осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
ЖҰЛДЫЗАЙ МАРАТҚЫЗЫ