«Жатақхананы заңсыз басқарып, ақшамызды өз пайдасына жаратып отыр». Редакциямызға осындай шағыммен тұрғындар хабарласты. Олардың айтуынша, жауапты серіктестік төрайымы үйді күтіп ұстауға бағытталған төлемақыны жинап алып, ешқандай жұмыс жүргізбейтін көрінеді. Бұл басқарушыға қатысты жалғыз шағым емес. Әріптесім жалғастырады.

Уральская 3 мекен-жайындағы жатақхана тұрғындары меншік пәтер иелері кооперативімен күресіп келе жатқанына 10 жылдан асқан. Олардың айтуынша, бірнеше адамнан тұратын топ өз еркімен тұрғын үй иелерінің серіктестігін құрып алған. Ал тұрғындар оларды сайламағанын айтады.

МАЛИКА МҰРАТБЕКОВА – ҮЙ ТҰРҒЫНЫ
5-6 адам өзара шарт жасасқан. Болжам бойынша басқарма екен. Біз бұл басқарманы мүлдем таңдаған жоқпыз. Барлық жасаған жиналысымыз бейнежазбаға жазылған. Ал, ол болса жиналған күндерді өз білгенінше өзгертеді. Таныстарына бөлмелер береді. Біздің құқығымыз толығымен бұзылған.

Малика Мұратбекованың сөзінше, серіктестік төрайымы үйді күтіп-ұстауға ақша жинап алғанымен, нәтижесі байқалмайды. Үйге кіргеннен-ақ жағымсыз иіс қолқаны қабады. Ішкілікке салынған адамдар жатақханаға емін-еркін кіріп алады екен. Тұрғындардың түнгі тыныштығын бұзып, айғай шу шығаратын көрінеді.

Өздерін өздері сайлап алады шынын айтқанда. Халық сайламайды. Документті подделка жасап алады. 5-6 айда өздерінің таныстарын қойып алады. Общежитиеге қарамайды.
 «Мен тұратын 4 -ші қабатта белгілі мекен тұрағы жоқ адамдар қонады. Сонда дәретке отырады. Олардың соңынан бірнеше рет тазалап жүрдім. Үнемі жағымсыз иістен кейін ауыра бастадым. Қазір менде диффузды зоб бар. Осында көшіп келгелі сондай дерт таптым.»

Төрайымның өзі тұрғындармен араларындағы кикілжіңді растады. Ол үйдің қажеттілігіне ақша аудармайтын тұрғындардың құжаттарды көруге құқығы жоқ деп санайды. Бұл жерде тағы дау туды.

САНДУҒАШ ДЮСУПЖАНОВА - КСК ТӨРАҒАСЫ
«Мені 2017 жылы сайлады. Жиналыстың протоколы бар. Содан кейін мен Жеке Кәсіпкерлік ашып, тіркедім. Құжаттарым барлығы бар, Салықтық есептерді жүргіземін. Облыс әкімі келіп көріп кетті, ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізу керек»

Мәселеге қатысты Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Диана Шаяхметоваға бардық.

ДИАНА ШАЯХМЕТОВА ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Егер сервистік компания туралы айтатын болсақ, бүгінгі күні ол заңнамаға сәйкес дұрыс жасалмаған. Себебі, мүлік иелерінің басқару органы ОСИ болу керек, онда төраға қызмет көрсету туралы келісім жасасуы керек. Мысалы, сол Дүйсүпжановамен немесе тұрғындар таңдаған басқа сервистік компаниямен. Басқару формасы дұрыс болмағандықтан, яғни тұрғындар мүлік иелерінің бірлестігін өздері таңдай алады. Оларға бұл туралы айтылды. Немесе олар Сервистік компанияның қызметінен толығымен бас тартуға құқылы. Қазір бұл үйге қызмет көрсететін сервистік компанияны Дүйсүпжанова Сандуғаш Советханқызы жүзеге асырады.

Тұрғындар мен жеке серіктестік арасындағы даудың қанша уақытқа созылары әлі белгісіз. Бір анығы – мәселені бір жақты ету үшін, тұрғындар жалпы жиналыс өткізіп, өзара мәмілеге келулері керек.


РҮСТЕМ ҚАЙРАТҰЛЫ