Денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша, Қазақстандағы кәмелетке толмағандардың 29% артық салмақ бар. Яғни, семіздікке шалдыққан. Семейде де артық салмақты оқушылар саны соңғы жыл ішінде артып отыр. Еліміздегі әрбір бесінші балада артық салмақ бар. Оның көбі қалалық жерде тұратындар. Бұл қимыл-қозғалыстың аздығынан, тапжылмай телефон, компьютерге байланудың салдары. Мамандардың айтуынша, бұл ауру түрі ойлау қабілетін төмендетіп, өмірге ұрпақ әкелуді тежейді. Семей қаласының өзінде артық салмағы бар балалардың үлесі 14%ға жуықтаған.

БАЛАУСА ЖҰМАТАЕВА, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС БАЛАЛАР ЭНДОКРИНОЛОГЫ
Біздің биылғы есеп көрсеткіші бойынша облыс бойынша бізде 13,8 % құрап отыр. Жарты балалар диспансердегі есепке алынбаған 1ші, 2ші дәрежесін алмағандар бар. Мектеп арасында профилактикалық тексерулер жыл сайын болады. Алдыңғы жылы 8,9 % болса, қазір 13,8% болып отыр, яғни ол Алматы Астана үлкен қалалардағы көрсеткіштермен бірдей болып тұр. Себебі ол балалардың қозғалысы аз. Яғни физикалық жаттығулардың азаюы.Телефон мен телевизорға қарап тамақтану, яғни бала тойымсыздығын білмейді сол уақытта.

ЗКТ: Мамандардың айтуынша, балалардың дұрыс тамақтануына балабақша мен мектеп асханалары да жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сондықтан оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасымен білім ұяларындағы ас мәзірі қайта өзгертілді.

РУФИЯ ФАЙНУЛЛАЕВА,СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Біздің қала мектептерінде 29 жалға алушы тегін тамақ ұсынады . Жалға алушылар тамақтануды ұйымдастыру туралы 598 бұйрыққа сәйкес байқау негізде таңдалады. Биыл 1 ақпаннан мектептердегі ас мәзірі жаңартылды. Бір күн сүт ботқасы, екі күн сиыр еті, бір күн тауық еті және бір күн балықтан жасалған тағамдар бар. Мәзір ҚР 320-шы ережесіне сәйкес жасалады.

Санитарлық бақылау мамандары санитарлық талаптарға сай болмаған 40 нысанға айыппұл салған. .

ГҮЛНАР ЖАКУПЖАНОВА, СЭҚ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Былтырғы жылы бізде 29 ұйғарым берілді.Оның бәрінде санитарлық талаптарға сай болмағаны анықталған.Және 40 айыппұл салынды. Тамақ өнімінің мөлшері және оның калориясы жасөспірімнің жасына байланысты қанша алу керек сол бойынша норма раскладка бекітіледі.Сол 14 күнде 1 ауысып, соны қадағалап отырады. Бізде бір-екі шағым болды. Сол фактілер анықталып айыппұл салынды.

Баланың тамақтануына ата-ана жауапкершілікпен қарау керек , дейді мамандар. Өйткені бала семіздігі бірқатар дерттерге душар етуі мүмкін.


Мадижанна Муратова