Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен актив жиналысы өтіп, Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы талқыланды. Жиынға басқарма басшылары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жетекшілері, облыстық мәслихат пен қоғамдық кеңестің төрағалары қатысты. Аудан-қала әкімдері бейнережимде қосылды.