Алаштың білім ордасы - Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжде қара өлеңнің келіні атанған ақынның жары, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж директоры Шағангүл Жанаеваның 60 жасқа толған мерейтойына арналған мерейлі мереке өтті. Екінші дәрежелі «Барыс» орденінің, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері Шағангүл Алдамжарқызының құрметіне орай ұйымдастырылған кеш «Ұстаз бақыты» деп аталды. Расында, кейіпкеріміз бақты ұстаздықтан тапқан, болмысын ұстаздықпен биіктеткен.
Шағангүл Алдамжарқызын білім ордасының шырақшысы деуге болады. 2010-жылы оқу орнының директоры болып тағайындалғалы, байыз тауып отырған кезі жоқ. Оқу ордасының беделі үшін отқа да, суға да түсуден тайынып қалмады. Оны көзі қарақты қауым жақсы біледі. Білім ордасында қазақтың біртуар тұлғаларының, колледж түлектерінің құрметіне 34 атаулы кабинет ашыпты. Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Жүсіпбек Аймауытов, Әлкей Марғұлан және Шәкен Айманов сынды марғасқалардың кабинеттері жұтынып тұр. Әріптестері Шағангүл Жанаеваны иноватор, дейді.
Әлия Бөленбаева – Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Шағангүл Алдамжарқызының еңбегі ескерусіз емес. Лайықты бағасын алып жүр. Ұстаз үшін марапаттың үлкені – білім берген шәкіртіңнің, қатар қызмет істейтін әріптесіңнің құрметі емес пе?! Ғалым Арап Еспенбетов өз құттықтауында шәкірті жайында жүрекжарды лебіз білдірді.
Арап Еспенбетов – Ғалым, филология ғылымдарының докторы
Ұстаз – ұстаз емес, шәкірті үшін күймесе, шәкірт – шәкірт емес, ұстазын сүймесе. Шын мәнінде, қазір қайтадан жанданып, биіктеп келе жатқан ұстаз дейтін ұлы есімнің алдыңғы қатарында келе жатқан, бүгінгі біздің Жаңа Қазақстанымыздың жаңа ұстазы Шаған Алдамжарқызына тура айтылған сияқты.
Ақынның жары болу оңай емес. Азабы да, тозағы да көп. Шағангүл апай қара өлеңнің келіні атанған. Ол үшін Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовтің аяулы жары болу бәрінен биік. Ақын тылсымы тұңғиық махаббат хикаяларынан сыр шертсе, апайы Нұржамал бала күннің ерекше естелігімен бөлісті.
Нұржамал Жанаева – Әпкесі
Ұстаз, ана, қоғам қайраткері, халық қалаулысы һәм ақынның жары. Мерейлі мезеттегі тілектердің тоғысқан тұсы да осы бір жинақы болмысқа жарасып тұрғандай. Алқауы бөлек кештің кейіпкеріне құрмет осылай көрсетілді. Лайықты, әлбетте! Әсері де бөлек.
Ерзат Жанатұлы