Қазақстанда «Суды үнемде – болашақты сақта» атты республикалық бастама кең көлемде өткізіліп жатыр. Ол су ресурстарын тиімді пайдалану мен экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Қазақстан бойынша бір уақытта 700 мыңға жуық бала су үнемдеу тақырыбындағы ашық сабақтарға қатысты.


2024–2026 жылдарға арналған су үнемдеу жөніндегі Жол картасы жүзеге асырылып жатыр. Құжатта су саласын цифрландыру, су заңнамасын жетілдіру, су есебінің заманауи технологияларын және су үнемдейтін әдістерді енгізу қарастырылған. Сондай-ақ тұрмыс жағдайында суды үнемдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.


НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ – ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ
Жана су кодексінде су қауіпсіздігі ұғымы деген бірінші рет енгізілді. Ол жалпы халыққа және де жалпы барлық экономика салаларға су қаншалықты қысқарса да су жеткілікті көлемде болу керек. Сондықтан бүгінгі күні біз екі үлкен бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Бірінші бағыт бүгінгі сіздер көрдіңіздер мектептерде балалармен бүкіл Қазақстан бойынша бір уақытта осындай сабақ өтті. Себебі президент айтты суды пайдалану барысында біз жаңа мәдениет қалыптастыруымыз керек. Ол қандай мәдениет ол тиімді, ұтымды және үнемді пайдалану.


Осындай дәріс Қазақстанның барлық мектебінде өтті. Су ресурстары және ирригация вице-министрлері, комитет төрағалары, департамент директорлары және бассейндік инспекция мамандары өңірлерге барып, балаларға су ресурстарының маңызы мен оны үнемдеу қажеттілігі туралы айтып, балаларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Оқушылар түйген ойларымен бөлісті. 


ӘМІР МАРАТОВ – ОҚУШЫ
Әрине бүгінгі сабақ өте танымды өтті. Көптеген ақпарат алдық, көптеген ауқымды су ресурстарына байланысты мәселелер қозғалды. Сол мәселелердің қалай шешіліп жатқаны жайлы ақпарат берілді. Өзім үшін өте танымды, эко сабақ болды.


ӘДИЯ ТӨЛЕНДИНОВА – ОҚУШЫ
Менің ойымша осы ашық сабақ арқылы көптеген оқушылар өздеріне іштей бір нәрсе түйді. Себебі су деген шынымен өте маңызды тақырыптардың бірі. Және осы ашық сабақтың болуы бізге шынымен өзекті екенін көрсетеді, айқындайды, осыған байланысты өте қызықты өтті деп ойлаймын.


КӘУСАР ҚАСЕНОВА - ОҚУШЫ
Менің ойымша осы біріңғай Республикалық ашық сабақ өте сәтті өтті. Сонымен қатар біздің қазіргі мемлекетімізге өте су мамандары қажет екенін ұқтым, ол ең маңызды. Менің ойымша осындай су мамаңдардың көлемін арттыруымыз керекпіз. Және де су мамандарының көлемін арттырғандықтан біздің елімізде су тапшылығы азаяды және де ресурстарды үнемді пайдалана отырып біз мемлекетімізге жақсы игі іс жасаймыз.


«Суды үнемде» акциясы – Қазақстанда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Дәрістер арқылы халықтың су ресурстарына деген жауапкершілігі артып, болашақ ұрпақ үшін таза су қорын сақтау мүмкіндігі артады.

АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА