Жұмысшы мамандардың өндірістегі еңбегі орасан. Жергілікті Казполиграф кәсіпорны жұмысшы мамандардың арқасында Ресей, Германия және Қырғызстан, Өзбекстан өзге де шет мемлекеттердің нарығына шығып отыр. Өндірістегі еңбегі жанған маман туралы тілшіміз баяндайды. 


Еңбек адамдарының күшімен осындай қаптама қораптар Қазақстан нарығына жол тартуда. Үлкен ұжымдық еңбекте әр маманның өз міндеті бар. Солардың бірі Баймурзаев Еркін.

Бұл өнімдерді біз күнделікті дүкен сөрелерінен көреміз. Қаптама қораптарын шығаратын цех заманауи жабдықталған. Баспа машинасы Германиядан, кесу машинасы Америкадан және де жабыстыру машинасы Голландиядан әкелінген.


ЕРКІН БАЙМУРЗАЕВ – РЕТТЕУШІ МАШИНИСТ
Казполиграфқа келмес бұрын техникалық мамандықты оқып бітіргендіктен. Осы техникалық бағытта жұмыс істегім келді. Және осы қаламыздағы ең үздік заманауи технологиямен қамтамасыз етілген ең ірі кәсіпорын болғандықтан осында келіп, тәжірибеден өттім. Осыған қызығушылық танытып, осында жұмысқа орналастым. Дәл қазір осында 12 жылдан артық жұмыс істеп келемін. Өзіме бәрі ұнайды. Бізде барлық жұмысшылар үшін барлық жағдай жасалған. Алдымызда тұрған ZERAND қондырғысы бұл бізде Америкалық қондырғы. Менің міндетім осы Америкалық қондырғыны толық осы желіні реттеуші машинист болып табыламын.


ГҮЛНАР ДҮЙСЕКЕНОВА – ИНЖЕНЕР ТЕХНОЛОГ
Осы машиналарға білікті мамандар қызмет көрсетеді. Соның бірін атап өткім келеді. Бұл Баймурзаев Еркін. Осы казполиграфқа жастайынан келді. Осы ағыту машинасын меңгеріп, қазіргі уақытта кесу машинасының бас маманы. Өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды. Өте алғыр, сегіз қырлы бір сырлы азамат деп айтуғада болады. Өз саласының нағыз маманы.


ДМИТРИЙ СЛЕПЦОВ – БАС МЕХАНИК
Еркін сенімді, жұмыскер, талантты адам. Осындай мамандардың арқасында өндіріс тоқтамай жұмыс жасап тұр.


ҚАЙРАТ ОМАРҒАЛИЕВ – «КАЗПОЛИГРАФ» ЖШС СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ
Былтырдан бері Семейдегі электротехникалық колледжбен келісім шарт бекітіп, екі мәрте студенттерге дуалды оқу әдісімен өндірістік практикада еңбекке баулыдық. Студенттерге жұмыс бердік, еңбек ақысын төлеп бердік. Олардың ішінен еңбекқор, алғыр балалар шығатынына сенімдіміз.


Жұмысшы мамандықтар жылында комбинат оқу орындарымен байланысты нығайтты. Өндірістік тәжірибеге жол ашық. Үздік студенттер 80 жылдан астам тарихы бар өндірістің өркендеуіне үлестерін қоса алады.

АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА