Әкімдік белгілеген орындардан тыс жерде бөлшек саудаға заңмен тыйым салынады. Мысалы, жол жиегі сауда – саттыққа арналмаған. Жыл басынан бері полиция Семейде 196 заңсыз сауданы тіркеді. Жабайы саудамен күрес барысына тоқталайық. +СЮЖЕТ//СТИХТОРГОВЛЯ//ЕРЗАТ
Жол бойындағы көше саудасына жол берілмейді. Мұндай орындар тауарларды сатуға арналмаған. Санитарлық талап сақталмайды, жаяу жүргіншілер мен көлікке кедергі жасайды. Сосын заңға қайшы. Осыған байланысты полиция қызметкерлері қалалық кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп, рұқсат етілмеген сауданы жою мақсатында рейд өткізуде. Жол бойында сауда жасайтын кәсіпкерлерге сауда-саттық арнайы белгіленген жерлерде жүргізілуі керек екендігі түсіндірілді.
ЕРКЕБҰЛАН НАКИПОВ – ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ . Бұл мәселе қаланың оң жағалауында да, сол жағалауында да өзекті. Адамдар жолда жаппай сауда жасайды. Жабайы сауданы жою үшін біз көшеде сауда-саттықпен айналысатын адамдарға заңмен белгіленген орындарда, базарларда сауда жасауды ұсынамыз. Сондықтан, барлығы өздерінің кәсіптерін заңдастырғаны дұрыс. Сонда олар қауіпсіз жұмыс істейді.
Жыл басынан бері Семей қаласының учаскелік полиция инспекторлары заңсыз сауданың 196 жағдайын тіркеді. Олардың 187-не ескерту жасалса, 9-на 157 280 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.
КАЗ ЕЛДОС ОРАЗАЛИН – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Бәрі түсіндірме жұмыстары, рейдтік шараларды күнде жүргізіп отырамыз. Оған қарамастан кейбір азаматтар, біз кетіп қалғаннан кейін өз орындарына барып сауда жұмыстарын жүргізеді. Яғни, осындай жағдайлар қайталанып жатса. біз әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. Тротуарларда, жолдың бойында сатуға тыйым салынады. Ол заңмен көрсетілген. В основном бізде Цемпоселок кентінде , Рассвет магазиннің алды, Новостройкада, остановканың алдында көбінесе сатады.
Әзірге жол бойында сауда жасайтын кәсіпкерлерге ескерту жасалды. Алайда, әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 204-бабына сәйкес, белгіленбеген жерлерде қайта сауда жасау бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеледі.
ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ, МАЛИКА МҰХТАРОВА, ЕЛЖАН МАҒЗҰМОВ – «СЕМЕЙ» ТЕЛЕАРНАСЫ