«Жүрегімнің түбіне терең бойла...»

 «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай қаламызда Абай Құнанбаев қоғамдық қорының ұйымдастыруымен салатанатты кеш өтті. Рухани жиын ұлы ақынның мол мұрасын насихаттауға арналды. Абай атындағы театрда өткен кеш елдік пен руханияттың тоғысқан сәті болды. Оған қала зиялылары, жас буын, өнер сүйер қауым көптеп жиналды. Бұл кеш арқылы халық Абайдың тек ақын ғана емес, ұлы ойшыл, керемет сазгер, кемел ұстаз екенін тағы бір мәрте терең сезінде. Тағылымды шарада Абайдың толғанысы мен көзқарасын қалыптасуына әсер еткен Абай мен Құнанбай арасындағы терең диалогының көрінісі әсерлі жеткізілді. Әміре Қашаубаев атындағы филармония оркестрі Абайдың сирек орындалатын күйлерін нақышына келтіріп сомдады.


ОТАНТАЙ КӘРІБЖАНОВ-АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Қойылымның бағдарламасында тек Абайдың шығармалары болады. Өздеріңіз білесіздер Абай тек қана ақын емес, философ емес, аудармашы емес, ол кісі композитор, оны жақсы білесіздер, сондықтан бүгінгі концерттің бағдарламасы осы Абай атамыздың шығармаларынан.
Кеш барысында көрерменге ерекше әсер қалдырған туындылардың бірі Төкен Ибрагимовтің драмалық туындысы мен сазгер Теміржан Базарбаевтың музыкасы үйлесім тапқан «Жас Абай» музыкалық спектаклінің қойылымы. Бұл-махаббат сахнасы. Онда Абай мен Тоғжанның бір-біріне деген іңкәрлігі мен сезімі шынайы жеткізіліп, көрермен жүрегін елжіретті.

ДАНИЯР СЕЙЛХАДИРОВ- ДИРИЖЕР
«Жас Абай» драмалық шығармасының авторы Төкен Ибрагимов, ал музыкасын жазған Теміржан Базарбаев. Теміржан Базарбаев көптеген музыкалық туындылардың авторы атанған ұлы композитор. Бүгін біз осы туындылардың бірі «Жас Абай» музыкалық спектаклінен үзінді орындаймыз. Нақтырақ айтқанда, спектакльдің үшінші көрінісін толық қойямыз. Бұл махаббат сахнасы. Мұнда басты кейіпкер мен оның сүйіктісі бір-біріне деген махаббатын ашық білдіреді, сезім тереңдігі суреттеледі.


Сондай-ақ кеш барысында Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» поэмасынан үзінді қойылып, Мұхтар Әуезовтің өнер мен білімге қатысты тағылымды сөздері сахна төрінде жаңғырып, Абай Шәкәрім, Мұхтар сынды үш ғұламаның үндестігі көрініс тапты.

АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА