Көкпекті ауылында спорттың 16 түрі бойынша аудандық спартакиада басталды. Олардың арасында ат спорты, жеңіл атлетика, футбол, волейбол және т.б. спорт түрлері бар. Жарысқа мыңға жуық адам қатысуда. Спартакиада "Елімай" футбол клубы мен Көкпекті құрама командасы арасындағы жолдастық матчтен басталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай спорттық сайыстар дені сау ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосады. Аудан әкімдігі бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударуда. Нәтижелі жұмыстардың бірі ретінде Көкпекті ауылында "Елімай " клубы филиалының ашылуын атауға болады.
Әділет Қожанбаев – Көкпекті ауданының әкімі
Өткен жолы қол қойылған меморандум арқылы ауданымызда «Елімай» арқылы футбол спортты дамытып, жақсы бір деңгейге көтереміз деген ойымыз бар. Спортты бір деңгейге көтеру – бір бөлек, онымен қатар бұқаралық спортты дамытудын жолы болып табылады. Сондықтан осындай шараларды дәстүрлі түрде жыл сайын өткіземіз деген ойымыз бар.
Ауданда "Семей" футзалдық клубы филиалын ашу да Көкпекті аудандық әкімдігінің жоспарында бар. Өйткені ауданда футбол әуесқойлары аз емес. Елімаймен өткен жолдастық кездесудің өзі ауыл спортына жаңа серпіліс әкелді.
Мырзагелді Каусов – «Көкпекті» командасының мүшесі
Көкпекті ауданының тумасымын. Көкпекті село округының атынан шығатын боламын бүгін. Бүгін аудандық спартакиада өтіп жатыр. Және де «Елімай» футбол клубана келе жатқан мың да бір алғыс. Олардың жас балаларды спортқа тартуға үлкен бір ынта ретінде деп қабылдаймын. Қарсыластарға, барлық округтарға сәттілік жолдаймын.
Спартакиадаға барлығы 28 ауыл, 9 ауылдық округтен құралған командалар қатысуда. Жарыс қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Спартакиада бағдарламасында футболмен бірге волейбол, жеңіл атлетика, ұлттық спорт түрлері және басқа да жарыстар бар. Ауданда мұндай іс-шаралар бұрын жиі өткізілмегенімен алдағы уақытта қарқын ала түседі, дейді ұйымдастырушылар.