Қаламызда әкелер күніне орай «Әке тәлімі-баланың бойтұмары» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға Абай облыстық ішкі саясат басқармасы ұйытқы болды. Жалпы әкелер күніне орай облыс бойынша 90-ға жуық шара ұйымдастырылмақ. «Әке тәлімі-баланың бойтұмары». Бұл жолғы танымдық жиын осылай аталды. Мұндағы мақсат отбасы институтын жаңа деңгейге шығару. Жанұялық құндылықтарды насихаттау. Атаулы күнге тек мереке деп қарамай ұл бойында болуы керек батылдық, жауапкершілік, шыншылдық сынды қасиеттердің қалыптасуына ден қойылуы тиіс. Ақсақалдар балалардың әкелеріне қарап бой түзейтінін, қоғамда әкенің рөлі ерекше екенін атап өтті.

АТЫМТАЙ АБЕНОВ - ЗЕЙНЕТКЕР
Ер бала болса әкесіне елігіп, жүріс-тұрысына қарап, істеген қимылына қарап, істеріне қарап бала солай өседі. Сондықтан әкенің беретін тәрбиесі балаларға өте зор. Сондықтан ең бірінші әкесі анасына итеріп тастамай баласының тәрбиесін, өзі біттей уақыты болса бала тәрбиесіне көңіл бөлу керек.

Жиынға қатысқан орта буын өкілдері де бала тәрбиесінде әкенің маңызы зор екенін айтты. Олар ұрпақ тағылымында әке тәлімі аса қажет, дейді. Бала әкенің махаббаты мен мейіріміне бөленіп өсуі керек.

ЕРСІНБЕК ӨРЛЕУБЕК – «АБАЙ ЖАСТАРЫ» РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Жалпы қазіргі таңда әкенің рөлі деген дүние әсіресе жас әкелерге үлкен жауапкершілік деп білемін. Қазіргі қоғамда балаларды көбінесе гаджет тәрбиелеп жатыр, ғаламтор тәрбиелеп жатыр. Сондықтан әкелер балаларына баса көңіл бөлген жөн деп есептейміз. Сонымен қатар бала көбінесе анасының қасында болады дейді ғой қазіргі таңда сондықтан әкелер жұмысынан уақыт тауып мүмкіндігінше кешке бір сағат болсада балаларына көңіл бөлгені дұрыс деп есептеймін.

Әкелер күніне орай облыс бойынша 90-ға жуық шара ұйымдастырылмақ. Оның аясында танымдық, мерекелік, ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастыру жоспарлануда.


АРУЖАН ТАУБЕКОВА