Семейде «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты облыстық байқау өтті. Шараға 18 жастан 35 жасқа дейінгі қазақ тілінде еркін сөйлейтін басқа этностардың өкілдері қатысты. Шараға қатысушылардың барлығы білім беру ұйымдарының қызметкерлері. Байқаудың ерекшелігі де осында. Олар облыстың балабақшаларында, мектептерінде, колледждерінде және жоғары оқу орындарында сабақ береді. Тартысты додаға әр ауданнан бір маман қатысты. Сайыстың өтуіне мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйытқы болды.

ТОЛҚЫН БЕРІКБЕКОВА – МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгін байқаудың өздерінің ой шұқырлықтарын, мемлекеттік тілдің меңгергендіктерін көрсететін болады. Бұл байқау жылда өтеді. Бұл байқаудың қазір облыстық кезеңі өтіп жатыр. Бұл байқау биыл қазақ поэзиясының құлагері атанған Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығына арналып отыр.

Байқау төрт кезеңнен тұрды. Біріншісі «Сөздің көркі» деп аталды. Онда ұсынылған мақалды жалғастыру қажет болды. Ал «Ой ұшқыны» деп аталатын екінші кезеңде қатысушылар отан және дәстүр тақырыбына арналған сөздерді қамтыды. Үшінші кезең «Ұшқыр сурақ, ұшқыр жауап» үміткерлер өздеріне қойылған сұрақтарға жауап берді. Қорытынды бөлімде, әр маман өз өнерін көрсетті.

ДИНА ТЕМІРҒАЛИЕВА – ҚАТЫСУШЫ
Мұндай байқаулар жиі ұйымдастырылып тұрса деймін. Өйткені біз қазақ тілін, әдет-ғұрыптарымызды және салт-дәстүрлерімізді жетік меңгергенімізді көрсете аламыз. Мен өзім қазақ тілін түсінемін, еркін сөйлесемін. Менің татар күйеуім бар. Біз үйде отбасымызбен қазақ тілінде сөйлесеміз.
КСЕНИЯ СУМЦОВА – ҚАТЫСУШЫ
Қазір қазақ тіліне көп көңіл бөлінуде, бұл қуантарлық жайт. Біз бұған қуаныштымыз. Себебі қазақ тілі-қазақтардың құныдылығы деп білеміз. Өз құндылықтарыңызды жоғалтпау үшін игіліктерінді сақтау маңызды. Жастар үшін бұл маңызды және өзекті мәселе деп санаймын.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы марапат пен алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен табыс етілді. Ал үздіктері «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің символы» байқауының республикалық кезеңіне аттанады.


АРУЖАН ТАУБЕКОВА