Қаламызда «OrleTech» әлеуметтік білім беру жобасын қолдау мақсатында, ақпараттық науқан басталды. Аталған жоба 18-ден 35 жасқа дейінгі жастардың әлеуетін көтеруге бағытталған. Яғни, қатысушылар IT саласының бірнеше бағыттарын меңгеріп, кәсіби маман болып шығады.

«Orletech» жобасы Iteachme құзыреттілікті дамыту орталығының бастамасымен жасалған білім беру жобасы. Жалпы, орталық мүмкіндігі шектеулі адамдарды, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан және жастарды заманауи кәсіптерге оқыту және жұмысқа орналастыру мақсатында құрылған.

МЕДЕТБЕК ЖАНАРБЕКҰЛЫ «ITEACHME» ҚОРЫНЫҢ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АМБАССАДОРЫ
Жалпы ITeach me фонды бұл 4 жыл болды осы Қазақстанның түкпір- түкпірінде облыстар бойынша жасап жатқан жобалары көп. Оның барлығы жаңа айтқандай осы заманауи, бүгінгі трендтағы білімдерді, жаңа бағдарламаларды жүзеге, жобаға асырады. Яғни, біздің миссиямыз сен өзінің жаңа нұсқаңды табу керексің. Яғни, өзіңнің жаңа форматыңды, өзіңіді таныстырып, өзіңді жан- жақты дамыту керексің. Сол бойынша жастарға көмек көрсетеміз.

Курс қазақ, орыс және ым-ишара тілінде жүргізіледі. Жобаға қатысуға 18 бен 35 жас аралығындағы кез- келген азамат өтінім бере алады. Ал, іріктеуден өткендерді алда қызықты бағдарлама күтуде.

МЕДЕТБЕК ЖАНАРБЕКҰЛЫ «ITEACHME» ҚОРЫНЫҢ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АМБАССАДОРЫ
Жалпы, бұл бірнеше кезеңдерден тұрады. Бүгін 2 сағатта таныстыру күні болады, одан кейін 1 апталық soft skills, бағдарламадан өткен студенттер лагерьлерге барады. Ол жерде олар демалады, бір- бірімен танысып, жаңадан достар табады. Және екі жарым айлық hard skills. Біздің жобамызда 3 бағыт бар. Яғни, ақылды интеллект, no code, одан кейін UI/UX дизайн дейміз веб дизайн, осы нақты таңдаған білімі бойынша сол жерде екі жарым айлық курс өтеді. Курс біткеннен кейін олар өздерінің жобасын қорғайды, яғни дипломдық жұмыс дейміз ғой, сол секілді соны қорғағаннан кейін ITeach me фонды оларға жұмыс тауып береді.

Еске сала кетейік, Iteach me қоры 2020 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асып келеді. Ал, «OrleTech» әлеуметтік білім беру жобасы былтыр тек Батыс Қазақстан өңірінде қолға алынса, биыл еліміздің өзге де өңірлерін қамтыды. Курсты тәмамдаған түлектер IT саласында жұмыс істеуге құзіретті маман болып шығады. Ел бойынша 200 маманды оқыту жоспарланған. Ең бастысы, бұл жерде берілетін білім тегін. Оқу аяқталғаннан кейін арнайы мамандар түлектерге жұмысқа орналасуға көмектеседі.


ЖҰЛДЫЗАЙ МАРАТҚЫЗЫ