Қала әкімдігі мен құрылыс ұйымдары арасында Семейдегі тұрғын үй қорын жаңартуға бағытталған өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ескі және апатты үйлердің орнына жаңа тұрғын үйлер салу көзделген. Үкіметтің қаулысымен бекітілген 2023-2029 жылдарға арналған жаңарту бағдарламасына сәйкес, апатты және тозығы жеткен үйлердің тұрғындары инвесторлардың есебінен жаңа тұрғын үйге көшуге мүмкіндік алады. Қол қойылған келісім шеңберінде инвесторлар азаматтарды құрылыс кезінде жалға алынған тұрғын үйге уақытша көшіру бойынша міндеттемелерді өзіне алады. Содан кейін оларға «шаршы алаң» қағидаты бойынша жаңа тұрғын үй береді. Кейбір жағдайда мердігер қосымша шаршы метрді өздері ұсына алады.

ДИАНА ШАЯХМЕТОВА – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Бүгінгі таңда апатты деп танылған ескі үйлердің тұрғындарында үй апатты жағдайда немесе ескі үй туралы қорытынды бар. Олар осы бағдарлама есебінен жаңа, жекеменшік үйлеріне көшуге мүмкіндігі бар.

Қалада 40 апаттық және 23 тозығы жеткен үй бар. Жаңарту бағдарламасын іске асыру арқылы бұл үйлердің санын едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, азаматтардың өмір сүру сапасы мен қаланың сыртқы келбетін жақсартуға өз септігін тигізеді. Бұл ынтымақтастық тұрғын үй қорын жаңғыртып, тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау үшін маңызды қадам болмақ.

ДИАНА ШАЯХМЕТОВА - СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Бүгін Ұранхаев 66, 68, Жамақаев 53, 55, және Чехов 112 мекенжайлары бойынша мердігер ұйымдармен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Аймауытов 157 және Чехов 112 көшелерінде мердігер ұйым Семей қаласының «Алтын ұя» ЖШС. Ал, Ұранхаев пен Жамақаев мекенжайы бойынша мердігер «Селам КЗ» ЖШС.

Меморандумға қол қою қаланың тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы аясындағы алғашқы екіжақты шарт. Бұл Семейдің тұрғын үй саласындағы елеулі өзгерістердің басталғанын көрсетеді.


АСЛАН ЕРТІСБАЕВ