Абай облысы Бородулиха ауданында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының ХХ-шы маусымы ашылды. Оған осы өңірдегі белсенді жастар жиналды. Акция «Таза Қазақстан»сына жұмыла қатысқан өңір жастары әрі қарай жұмыстарын «Жасыл ел» жобасы аясында жалғастырмақ.2005 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бірегей жоба жастарды еңбекке араластыру арқылы табиғатты күтіп баптауға баулиды.

ТІЛШІ: Биыл Абай облысындағы «Жасыл ел» еңбек жасақтарына 1000-нан аса жас сарбаз тартылатын болады. Олар өңірді абаттандырып, көгалдандыру жұмыстарымен айналысады. Осылайша аймақ жастары облыстың экологиясын жақсартуға үлес қоспақ.

МАҚСАТ КӘРІБАЕВ- «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҒЫ АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Бұл Жасыл ел тек қана бір реттик акция емес, бұл арнайы айына жұмыс жасап өздерінің ке туған өңірлеринде, әр ауданда, ауылда, облыс деңгейинде, қала деңгейинде белгіленген бойынша жастар татартылады. Сол тартылған жұмыстары үшін олар еңбекақысын алады.

 «Жасыл ел» жобасына қатысушылар бас қосып, алдағы жоспарды бірге талқылады. Басқосуда еңбек шарттары, жалақы жайы айтылып, жастардың міндеттері түсіндірілді. Осындай қоғамда маңызды рөл атқаратын жобаны ұйымдастыра отырып Абай жастары «Жастар ресурсытық» орталығы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда.

ӘСЕМ ҚУАНЫШОВА-СТУДЕНТ
Осы бағдарламамен жұмыс істеуімнің мақсаты мен Қазақстанды көгалдандыруға және экологиясын жақсартуға және үлес қосуға ұмтыламын. Жәнеде барлық жастарды осы жұмысқа шақырамын.

Жас сарбаздар жұмыстарына бірден білек сыбана кірісіп Бородулиха ауданының «Тұқым баптау» алқабында жас қарағай көшеттерін күтіп-баптау жұмыстарымен айналысты. Айта кетсек, Еңбек жасағына 16 мужчин 35 жас аралығындағы кез-келген азамат қосыла алады. Жоба оқушылар мен студенттерді маусымдық жұмыспен қамтып, олардың бос уақыттарынок тиімді ұйымдастыруға септигін тигізеді.


АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА