Аязды күндері автобустардың бағытқа шығуы бірден 50% - ға дейін төмендейді. Ал қалыпты ауа-райында жолаушыларға қоғамдық көліктің 70% - дан астамы қызмет көрсетеді. Қоғамдық көлік қызметі қаламызда әлі де өзекті болып отыр.

Семей тұрғындарын алаңдатқан ең өзекті мәселе-автобустардың сапалы қызметі. Қала тұрғындары қоғамдық көліктер санынының аздығына шағымданады. Енді бірі автобустардың жарты жолда тоқтап қалатындарын, басқа жақпен бағыттан кететіндерін айтуда.

Міне, бізде нөмір 5-ші автобус бар, мен оған үнемі отырамын. Ауа-райы қалай төмендесе, 5-ші автобус та нашар жүреді. Және басқа автобустармен де дәл осындай жағдай, неге олай екенін білмеймін. Әрине, қоғамдық көлік көбейіп бізді қуантқанын қалаймын, қазір көктем жақындап келеді, енді автобусты ұзақ уақыт тоспаймыз, лық толып жүрмейміз деген үміттемін
Қарағайлыда тұрамын. Автобустар жақсы жүреді, көңілім толады. Кешке жақын автобустардың кешігетіні барлықтардың жұмыстан қайтатын кезде , көп тұрып, тосып қаламыз. Мына алдында аязды күні, қыс кездері болды ғой, аязды күгі кішкене тонып, жаурап, таксимен қайтқан күндеріміз болды.

Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өкілінің айтуынша, аязды күндері автобустар жеткіліксіз болған, себебі жүргізушілер сапасыз дизель отынын пайдаланған. Сонымен қатар, D және D+ санатындағы жүргізушілердің жетіспеушілігі мәселесі әлі де бар. Оны шешу үшін жолаушылар тасымалдаушылары жүргізушілердің жалақысын 400 мың теңгеге дейін арттырды, алайда бұл шара қажетті мамандарды тартпаған.

ӘДІЛБЕК УВАСИЛОВ – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ М. А.
Бізде енді, 331 автобус бар қалада. Оған байланысты категория Д мен Д+ категория бойынша шопырлардың жетіспекшілігі әлі де бар. Былтыр, 2023 жылы бізде мердігерлер 80 жуық автобус сатып алды, биылғы мөлшерімен тағыда осыншама автобус сатып алуға жоспарлап отыр мердігер ұйымдар. Автобус сатып алып, көбейген сайын, автобустардың желіге шығу пайызы өсе береді. Қазіргі уақытта, 70 процент болып тұр

Аяз кезінде автобустардың желіге шығуы 50% - ға дейін төмендеді. Қазір автобустардың бағытқа шығуы 74%. Ол да аз. Әділбек Увасилов Семейдегі жолаушылар тасымалдау қызметі автопаркті жаңарта отырып, кезең-кезеңімен шешілетін болады дейді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.


АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА