Садақ ату спорты облысымызда жақсы дамып келеді. Қаламызда полиция қызметкерлері арасында алғаш рет дәстүрлі садақ атудан жарыс өтті. Шараны Семей қаласының полиция бақармасы мен «Алаш мергендері» дәстүрлі садақ ату клубы ұйымдастырды. Тартысқа толы додаға мергендер қатысып, бақтарын сынап көрді.

Садақты көздеу мергендікпен қатар, ептілікті қажет етеді. Екінің бірі бұл спортқа бейім емес. Дәстүрлі спорттың адамды мақсатына жетуге ұмтылдырып, жігерлендіретін қасиеті бар. Жарыс полиция қызметкерлерінің бойына ерекше рух сыйлады.

ҚАЙРАТ ӘБДІҒАЛИЕВ - СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Осы жарысқа әр бөлімнен 3 адам, демек барлығы 15 азамат қатысты. Дәстүрімізді жаңғыртып, рухты оятатын Алаш мергендері клубының басшылығына алғыс айтамыз.

15 мергеннің ішінен топ жарып бас жүлдені иеленген полиция қызметкері Медет Қызырев. Ол садақ атуымен бұрын айналысып көрмесе де, айтарлықтай жақсы нәтиже көрсете алған. Бұл спорт түріне полиция қызметкерлерінің қызығушылығы артқаны байқалады.

МЕДЕТ ҚЫЗЫРЕВ - СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ПОТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТОЛЬОНЫНЫҢ КАДР САЯСАТ ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Мен енді мына жерге 1 ақ рет келіп атқам. Жарыстың деңгейі жақсы. Ұйымдастырушыларға көп-көп рақмет. Енді бұндай жарыс алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын табады деп ойлаймын. Өзіміздің қазақтың салт-дәстүріне сай осындай жарыстар көп болсын.

Шаһарымызда ұлттық спорттың дамып, жаңданып жатқаны қуантады. Полиция қызметкерлерінің арасындағы жарыс дәстүрге айналмақ.


АРУЖАН ТАУБЕКОВА