Елімізде әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі-тұрғын үймен қамтамасыз ету. Қалада бұл бағытта жұмыстар атқарылуда. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 70-тен аса әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы жаңа пәтерлеріне көшеді. Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Көпбалалы отбасыларға және халықтың осал топтарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй бөлу» тақырыбында брифинг өтті. Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Диана Шаяхметова баспанамен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Бүгінгі таңда Семей қаласында үй алу кезегінде 14 000-нан аса азамат тұр.

ДИАНА ШАЯХМЕТОВА - СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Олардың ішінен көпбалалы отбасылар - 1 514 адам, жетім балалар - 1826, халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары - 5 197 адам, мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi - 5 544 адам, авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары - 41 адам. Тұрғын үйге мұқтаж ретiнде есепте тұрған азаматтарға кезек тәртiбiмен берiледi. Негізі кезекте тұрған адамдарға тұрғын үйді алудың 2 жолы бар. Біріншісі кезекті күту, екіншісі ол бағадарламаларға қатысу.

2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй – коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында кезекте тұрғандар «2-10-20» және «5-10-20» сынды мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алады. «2-10-20» бағдарламасына көп балалы отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, бірінші және екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар тіркеле алады. Ал «5-10-20» бағдарламасымен тұрғын үйге кезекте тұрғандар үй ала алады.

ДИАНА ШАЯХМЕТОВА - СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
2022 жылы кезекте тұрған азаматтарға Қарағайлы шағын ауданынан 128 пәтер берілді. Ол 77ші үймен 78ші үй. 2023 жылы кезекте тұрған азаматтарға 211 пәтер берілді. Ұшақтар және Комсомол кентінен көп балалы отбасыларға және осал топтарға 108 пәтер берілді. Қарағайлы шағын ауданынан барлық санаттағы азаматтарға арналған 103 пәтер бірілді.

Қаламызда өткен жылы тұрғын үй кезегінде тұрған 211 азаматқа пәтер берілді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

АРУЖАН ТАУБЕКОВА