ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі креативті индустрияны дамыту туралы тапсырма берген еді. Соның аясында Әлихан Бөкейхан Университетінде креативті алаңдар ашылды. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жастар әзірлеген тың жобалармен танысып шықты.

Өңір жастарының басын қосқан ауқымды шара барысында стдуенттердің креативті бастамаларын қолдауға, дамытуға бағытталған алаңдардың жұмысы таныстырылды. «IT Space» алаңы. Мұнда университеттің «Abai IT-Valley» инновациялық технокластерінің жобалары көрсетілген. Яғни, робот құрастыру, аддитивті технологиялар, компьютерлік және мобильді ойындарды әзірлеу, цифрлық анимация, жасанды интеллект бағыттары бойынша түрлі жобалар ұсынылды.

РОМАН КОВАЛЕВ ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY СТУДЕНТІ
Өзіміз әзірлеген жобаның көмегімен түрлі өндірістегі техника қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. Біз қазір жобаны дамытып жатырмыз. Мәселен автобусты құрастыруға болады немесе хирургия саласында пайдалануға мүмкіндік бар. Өйткені вертуалды әлемде кез-келген салаға байланысты тәжірибе жинауға болады.

Шара кезінде қаламыздың жетекші диджитал карикатурисі, талантты суретші Мұхтар Сапаровтың көрмесі өтті. Көрме автордың digital art стиліндегі қала мен өңір өмірінің көкейкесті мәселелерін кескіндеген туындыларына арналды. Бұған қоса жастар әзірлеген «Жидек» жобасы көрермен назарын бірден өзіне аударды. Анимациялық ойындардың барлығы қазақ тілінде әрі ұлттық нақышта жасалған.

РАФАИЛЬ МИСАЕВ «ABAI IT-VALLEY» ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОКЛАСТЕРІНІҢ МАМАНЫ
Тіл даму үшін, сол тілде контент көп болуы қажет. Егер контент болмаса тіл дамымайды деген сөз. Мысалы егер адам тек орыс немесе ағылшын тілдеріндегі фильмдерді көріп, ойындарды ойнаса, сол тілде сөйлейтін адамдар мен солардың мәдениетіне жақын болып кетеді. Ал қазақ тіліндегі мұндай жобалар тілдің дамуына оң әсер етеді.

Сонымен қатар Әлихан Бөкейхан университетінде медиа студия ашылды. Студияда подкаст, сұхбат түсіруге арналған барлық құрылғылар орнатылған. Бұл медиа саласына қадам басқысы келетін жастарға таптырмас мүмкіндік екені сөзсіз. Жалпы, «Media Lab» алаңы –фотографтар, видеографтар, мобилографтар мен SMM мамандарына қолдау көрсететін алаң.

АЗАМАТ АЗАТҰЛЫ ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY ПРОРЕКТОРЫ
Жалпы, осы өңіріміздегі жастардың оның ішінде мектеп оқушылары болсын колледж студенттері болсын ЖОО студенттері болсын. Яғни медиа саласындағы алғашқы қадамын жасаймын деген студенттерге кәсіби фотосурет саласында немесе видеография контент жасаса да озінің қабілетін шыңдап көремін деген жастарға бұл үлкен мүмкіндік. Бұл медиа студия соңғы үлгідегі замануи техникалармен жабдықталған.

Іс-шара аясында Alikhan Bokeikhan University шетелдік серіктесі – Huawei Technologies компаниясының өкілдерімен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.

Рүстем Қайратұлы