Семей қаласында Қайым Мұхамедхановтың әкесіне қатысты құнды құжат табылды. Оны жұртшылыққа жария еткен – Абай облыстық мемлекеттік архивінің қызметкері Лаура Қадырова. Құнды құжат ғылыми айналымға еніп отыр.

Семей архивінде өткен тарихымызға, ұлт зиялыларына қатысты талай құнды деректер сақтаулы. Солардың арасында әлі де жарыққа шықпай, тасада қалып келген тың мәліметтер бар. Архив мамандары үнемі ізденіп, жаңа деректерді тауып келеді. Алашордалықтарға қатысты табылған кез келген құжат ел тарихы үшін аса құнды. Лаура Қадырова Қайым Мұхамедхановтың әкесіне қатысты құжатты тапты. Архив қызметкерінің ізденісі арқасында ғалымның анасы Мақыпжамал Сейітқұлованың латын тіліндегі хаты жарыққа шығып отыр.

ЛАУРА ҚАДЫРОВА, АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ ҒЫЛЫМИ АНЫҚТАМАЛЫҚ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Оның ішінде атап айтатын болсақ,облыстық прокуратураның басшылықтарына жазған бірніші азаматтар мен азаматшалардың хаттарын кездестірдік.Осындай хаттардың арасында бұрын жарыққа шықпаған,яғни Қайым Мұхамедхановтың әкесі,Мұхаммедхан Сейітқұловты 37ші жылы жазықсыз алып кеткен екен негізі.Біз осы құжаттарды қарай отырып,Қайым Мұхаммедхановтың анасы Мақыпжамал Сейітқұлованың латын тілінде жазған,облыстық прокуратураға жазған өтінішін таптық.

Лаура Қадырова Абай облыстық мемлекеттік архивінде 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Бұған дейін бірнеше құнды құжатты тауып, ғылыми айналымға енгізді. Былтыр алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның өз қолымен жазған өтінішін тапқан болатын.

ЛАУРА ҚАДЫРОВА АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ ҒЫЛЫМИ АНЫҚТАМАЛЫҚ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Тағы бір үлкен құжат бұл Әлихан Бөкейхановтың өзінің қолымен жазған,Омбы қаласына іссапарға баруға сұраған өтінішінде кездестірдім.Бұл да осы саяси қуғын сүргіндерді ақтау жөнінде берілген тапсырмасы бойынша анықтадым.

Жалпы Абай облыстық мемлекеттік архивінде 650 мыңнан астам тарихи құжаттың түпнұсқалары сақтаулы. Олардың қатарына Қайым Мұхамедхановтың әкесіне қатысты хат қосылды. 2020 жылы құғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы Президенттің тапсырмасы аясында құнды мәліметтер жарыққа шығып жатыр.


МАДИЖАННА МУРАТОВА