Семейдің Восточный кентінде 300 орындық тағы бір мектептің құрылыс жүруде. Облыс әкімі Берік Уәли кезекті қаланы аралау кезінде білім ордасына инженерлік желілер тарту жобасымен танысты. Сонымен қатар, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының медициналық авиация бөлімшесіне жаңа көліктің кілтін табыстады.
Бұрын бұл жақ саяжай еді. Ауылдағы ағайын көптеп қоныстанып, шаһардың ажырамасы бір бөлігіне айналды. Қысы – жазы тұрады ағайын, мұнда. Оқушы саны да артып келеді. Сондықтан, Восточный кентінің мына бір тұсынан тағы бір мектеп салу қажеттілік еді. Берік Уәли білім ордасына тартылатын инженерлік желілердің жобасымен танысты.
АЗАМАТ ҚАЙРАТҰЛЫ, ҚҰРЫЛЫС УЧАСКЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ
Қазір осы жерде тұрмыз біз. Осы жерден тартып, кольцевой линия жасаймыз да... Ұзындығы қанша? Екі жарым мың метр. Осыған тартамыз да мектепке, подводка жасаймыз. Содан кейін мына көшелерге паралельно запитатся еткенге колодецтар тастап кетеміз. Қазір 800 метрін тартып қойдық. Мына көшені полностб тарып қойдық. Енді мына көшеге ауысамыз да, мына жаққа запитка жасаймыз.
Құбыр желісі тартылған соң, осы көше орташа жөндеуден өтеді. Сосын жарық та тартылмақ. Осы маңайдағы 6 көше тұрғындары да су жүйесіне қосыла алады. Ол үшін құдықтар қалдырылуда.
Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясындағы ақпараттық жедел диспетчерлік бөлімі бұл. Басы ауырып, балтыры сыздаған жанға осы жерден жедел көмек жіберіледі.
ГАУХАР МАНСҰРОВА, БАС ДӘРІГЕРДІҢ МЕДИЦИНА ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Шақырту тәулік бойы 800-ден 1000 обращение болады. Бізде түседі. Біздің колл центрға.
Алыс – жақын аудандарға медициналық авиация 81 рет әуеге көтерілсе, ал көлікпен 35 рет жолға шыққан. Облыс әкімі шалғай жатқан аудан – ауылдарға ақ халаттылар жылдам жетіп, жәрдем көрсету үшін су жаңа көлік кілтін табыстады.
Облыс әкімі жедел жәрдем станциясының жұмысымен танысқан соң, қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.
ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ