Жазғы демалыс маусымының ашылуына сәл ғана уақыт қалды. Облыстағы жазғы лагерьлер соңғы әзірліктерін пысықтауда. Әсіресе орман алқаптарына жақын орналасқан демалыс орындарының өрт қауіпсіздігін бақылау ерекше. Төтенше жағдайлар қызметі аймақтағы балалар лагерлеріне рейд бастады.
ТЖД қызметкерлері "Радуга" лагерін мысалға ала отырып, жазғы лагерьлерде балалардың қауіпсіздігі бойынша ақпараттық жұмыс жүргізді. Міне, назар аудару керек кейбір тармақтар: егер лагерь орман алқабының жанында орналасқан болса, онда сыртқы қоршаулардың артында ені 4 метр болатын өртке қарсы жолақ болуы керек. Сондай-ақ, мұндай жерлерде өртті сөндіруге арналған әрқайсы 54 текше метр су сиятын 2 ыдыс болу керек. Егер бассейндер немесе ашық су қоймалары болса лагерьлерде нұсқаушы жұмыс істеуі міндетті.
Манарбек Шапағатов - Абай облысы бойынша ТЖД бастығы
Жыл сайын балаларға жүзудің негізгі дағдылары оқытылады. Ол үшін білім басқармасына уақытша орналастыруға болатын бассейндерді, рамалық бассейндерді белсенді пайдалануды ұсынамыз. Сонымен қатар, Министрлік қызметкерлері лагерьдің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексереді. Жыл сайын әр маусымның алдында комиссия тексерулер жүргізіледі, барлық ескертулер орындалған соң ғана лагерьлер өз жұмысын бастайды.
Биыл 1 балаға жолдама құны 10 күнге 60 000 теңге. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар демалысы мемлекет есебінен болады. Жазғы демалыс маусымы жақын. Қазір сауықтыру лагерьлері санитарлық талаптарға сәйкестендіріліп, материалдық-техникалық базасын жарақтандыруда.
Елдос Сүлеймен-Білім басқармасы тәрбие бөлімінің бас маманы
Абай облысының аумағында 11 сауықтыру лагері орналасқан, оның 8-і мемлекеттік, 3-уі жеке меншік. Биылғы жазғы демалыс кезінде 4000-ға жуық баланы қамту жоспарланған. Сонымен қатар суға түсу 5 лагерьде жоспарланып отыр. 2 лагерде стационарлық бассейндер, 3 лагерьде қанқалы бассейнде суға түсу ұйымдастырылады. Жалпы облыс бойынша 300 млн-ға дейін биылға жылы ақша қарастырылып отыр. Жөндеу жұмыстарына және қалыпқа келтіру жұмыстарына осы лагерлердің.
Айта кету керек, әрбір лагерь демалушылардың қауіпсіздігін үшін лагерьде тәулік бойы болатын, қонатын балалардың санын күн сайын өртке қарсы қызмет бөлімшесіне хабарлауға міндетті.
Алина Азбергенова