Қаламыздағы перинаталдық орталықта шала туған сәбилер күні аталып өтті. Перинаталдық орталық жыл сайын осы атаулы күнге арнайы бағдарлама ұйымдастыра отыра, ерте туылған нәрестелер мен олардың күтіміне қоғамның назарын аударғысы келеді. Ананың жүктілік кезіндегі денсаулығы, эмоционалдық жағдайының тұрақты болуы аса маңызды. Елімізде мерзіменен ерте туылған нәрестелер күні 2009 жылдан бері аталып өтіледі. Мамандардың айтуынша, жылына шамамен 700 - ден астам нәресте шала туады. Қазір 500 грамнан асып дүниеге келген сәбилер заманауи технологиялар мен мықты мамандардың арқасында күтіледі.
Гүлжазира Дюсекенова- Неонаталдық қызметтің жетекшісі
2009 жылы Еуропалық қор бұл күнді, шала туылған нәрестелер күні деп, мерзімінен ерте дүниеге келген сәбилердің отбасын қолдау мақсатында тағайындады. Міне, 2009 жылдан бері біз бұл күнді жыл сайын атап өтеміз. Жыл сайын біздің перинаталдық орталықта шала туылған нәрестелер 7-8 пайызды құрайды, бұл шамамен 700-800 бала.
Мерзімінен ерте туған балалардың денсаулықтары әлсіз, нәзік болып келеді, сондықтан оларға аса ерекше күтім керек. Осы тұрғыда дәрігерлердің сәбилерді өмірге бейімдеуде рөлі маңызды. Неонаталды кардиолог Валерия Соколова осы салада 10 жылдан астам қызмет етіп келеді. Ол кішкентай сәбилердің денсаулығын бақылайды.
Валерия Соколова- Неонаталды Кардиолог
Мен неонаталды кардиологпын. Мен жаңа туылған балалармен, оның ішінде шала туылған балалармен жұмыс жасаймын. Мерзіменен ерте туылған нәрестелер үлкен күтімді талап етеді. Бұл балалар өте нәзік, осал болып келеді. Сондықтан перзентханадан шыққанан кейін дәрігерлер баланың денсаулығын үш жасқа дейін бақылауда ұстайды.
Білікті дәрігерлердің арқасында күтімде болып, жақсы жетіліп келе жатқан сәбилер көп. Эльмира Какимованың нәрестесі небәрі 980 грамм болып дүние есігін ақшан. 2 ай перзентханада болып, салмақ жинаған соң ғана үйіне баруға рұқсат етілді. Қазір 7 айдан асып қалды.
Эльмира Какимова- Жас ана
Біз сәуірдің 5-і күні 27-28 апталық болып дүниеге келдік. 980 грамм болдық. Әрине дүниеге жетіліп туған бала мен жетілмей туған баланың арасы шынымен де жермен-көктей деп айтуға болады. Оларға өте үлкен,көп қамқорлық керек. Біз перзаентханада 2 ай жаттық. 980 грамм болып туылғанмен 2 келі болғанда шықтық. Барлығы дәрігерлердің арқасы. Қызым қазір 7,5 айлық.
Мереке қонақтары шала туған шақалақтармен олардың ата-аналарына түрлі сыйлықтар табысталды. Мерзімінен ерте туылған, қазірде өсіп қалған балдырғандар өз-өнерлерін көрсетіп, жиналған қонақтарды таң-тамаша қалдырды.