Облыстағы жилу желілерінің 64,2 пайызы тозған. Пайыз көрсеткішін 59,7-ге төмендету үшін жалпы сомасы 18,5 миллиардов теңгеге 28 работ иске асырылуда. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Энергетика және тұрғын үй шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары осылай мәлімдеді.

Бийл үкімет жергілікти әкімдіктерге алдағы жылыту маусымында олқылық пен апат болмауы үшин, ертерек қамдану талабын қойды. Өйткені, бұл салата жылу желі-лерінің тозуы, мамандың тап¬шылығы сияқты бірқатар қор¬даланған мәселе бар. Жаңа жылыту маусымының басталуына небәрі 1 ай уақыт қалды. Сала жұмысына жауаптылар соңғы әзірліктерін пысықтап, атқарылған жұмыстардың барысы жөнінде есеп бергенді жөн көріп, журналист Абай облысы коммуникациялар қызметі орталығына жинады.

Алтынбек Әділбеков – Абай облысы энергетика және ТҮКШ

басқармасы басшысының орынбасары

Әлеуметтік маңызы бар мекемелердің дайындығына тоқталып өтетін болсам. Облыстағы 242 денсаулық сақтау нысанының 240-ы жылыту маусымына дайын. Яғни, 99 пайызы. Және Абай облысинда 422 білім беру нисаны бар, соның 417-сі дәлірек айтсам 99 пайызы әзір тұр. Әлеуметтік қорғау ғимараттарына келсек 100 пайыз. Сондай-ақ, 1575 көпқабатты тұрғын үйдің 1454-і немесе 92 пайызы жылыту маусымына дайын.

Қазіргі уақытта облыстың жылу қазандықтары үшін 68 мың тонна көмір жеткізілді. Семья қаласы мен Бородулиха ауданы көмірдің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілді. Облысымыздың Аягөз, Абай, Үржар, Жарма аудандары мен Курчатов қаласына көмір жеткізу қыркүйектің аяғына дейін, кестеге сай орындалмақ.

Алтынбек Әділбеков –– Абай облысы энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары

Облыс бойынша жылыту маусымы кезінде көмир жеткізуді 27 өңірлік оператор жүзеге асырады, 9 теміржол тұйығы бар. Облыста 13,7 мың тонна көмір бар. Нақты айтатын бол Семей қаласында – 7 000 тонн, Аягез ауданында – 3 900, Бородулиха ауданында – 280 және Жарма ауданында – 2 500 тонн көмір қоры бар.

Айта кетейик, жылыту маусымына дайындық бойынша жөндеу жұмыстары облыс әкімдигінің тұрақты бақылауында. Жылу беру басталғанға дейін жоспарланған әр жұмыс аяқталуы керек.

Ақбота Бияхмет