Өңірімізде «Әйел көшбасшылығы-даму стратегиясы» атты көшбасшы әйелдерге арналған тренинг ұйымдастырылды. Семинарға Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан нәзік жандылар қатысты.

Қазақстанның әйелдер күштері альянсы бүкіл Қазақстан бойынша саясаткер әйелдер клубтарының жұмысын жандандырып, әйелдердің саяси көшбасшылығы мектептерін ашып, тренингтер өткізуде. Ондағы мақсат Қазақстандағы жетекші әйел саясаткерлердің тәжірибесіне сүйене отырып, әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытуға елеулі үлес қосу. Семейдегі тренингте әйелдердің саясаттағы рөлі, елдегі гендерлік стереотип мәселелері қарастырылып «Әйел неліктен саясатта болуы керек?», «Тренинг ұйымдастырудың қыр сыры», «Әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебінің бағдарламасына қалай жасап шығаруға болады?» және т.б тақырыптар қозғалды. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Раушан Сәрсенбаева қатысушылармен өзінің өмірлік және саяси көшбасшылық тәжірибесімен бөлісті.

РАУШАН САРСЕНБАЕВА – ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР КҮШТЕРІ АЛЬЯНСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ (АСТАНА)
Әйелдердің саяси көшбасшылығымен әзірге тек біз ғана айналысамыз. Біз үшін жылда қоғамда көтерліп келе гендерлік мәселелерді әйелдердің өздері шешуі маңызды. Өйткені бұл бірінші кезекті әйелдердің өздері үшін қажет. Сондықтан, біздің тренингіміз бұл әйелдердің, қыздардың, жастардың құқықтарын қорғауға және олардың саясатта шешім қабылдау дәрежесіне жетуіне ықпал етеді деген үміттеміз.

Бұл облысымыздың іскер әйелдеріне саясатқа жол ашатын бірден бір шара. Тренинге Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан қатысты.

АРАЙЛЫМ ӘЛІМЖАНОВА- АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘЙЕЛДЕР КҮШТЕРІ АЛЬЯНСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
Бұл біздің облысқа, жалпы дамуына, облыстағы іскер әйелдердің дамуына өте қажетті тренинг болып табылады, сондықтан тренинг басталар алдында ол кісіге алғысымызды айтамыз. Осылай көңіл бөліп біздің аймаққа келіп жатқанына. Біздің іскер әйелдер қауымдастығында және осы альянста әйел адамдар құрған 30-дан аса үкіметтік емес ұйымдар бар құрамында, барлығы осы облыстың дамуна еңбек етіп жатқан жандар.

Айта кетсек, Қазақстанның әйелдер күштерінің альянсы- әйелдердің, балалардың, ерекше қажеттеліктері бар азаматтардың құқықтарын қорғау және олардың мәртебесі мен өмір сүру сапасын арттыруды көздейді. Сонымен қатар қоғамдағы әйелдердің мәртебесін көтеруге және гендерлік теңдікті дамытуға бағытталған.

Әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту қоғамды демократияландырудың маңызды қадамдарының бірі.


АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА